Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет66/123
Дата17.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#197441
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Сызба 
түріндегі 
жоспарлы 
конспект. 
Мұндай 
жоспардың 
тармақтары сұрақтар түрінде, ал ақпарат қысқа жауап түрінде беріледі. 
Бұл конспектінің ерекшелігі мынада: жоспардың барлық тармағы жауабын 
жазуға тура келетін сұраулы сөйлемдер түрінде беріледі. Материалды 
оқи отырып, сіз әр тармақтағы сұрақ бойынша қысқаша белгілер (2-3 
сөйлем) қоясыз. Мұндай конспектіде барлық мәліметтердің құрылымы 
мен ішкі байланыстары жазылады және бұл өз кезегінде ақпаратты жақсы 
меңгеруге мүмкіндік береді.
Мәтіндік конспект. 
Мұндай конспект мәтіннің үзінділері мен 
дереккөзден 
алынған дәйексездер 
(цитата) 
негізінде жасалады. 
Бұлайша баяндау тәсілі басқа конспект түрлерінен толыққандылығымен 
ерекшеленеді, себебі ол түпнұсқадан алынған үзінділерден және 
дәйексөздерден тұрады. Мәтіндік конспектіде жоспарды біріктіруге 
немесе оны түрлі тезистермен және терминдермен толықтыруға болады. 
Мәтіндік конспект авторлардың дәйексездері әрдайым маңызды болып 
табылатын ғылымды немесе әдебиетті игергісі келетіндерге жақсы 
көмектеседі. Алайда мұндай конспектіні жазу оңай емес. Ол үшін аса 
маңызды дәйексөздерді материал туралы мағлұмат беретіндей етіп 
бөліп жаза білу керек.
Тақырыптық конспект. 
Ақпаратты бұлайша жазу тәсілінің басқа 
конспект түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Оның мәнісі 
қандай да бір мәселені жазғанда бір ғана дереккөз емес, бірнеше дереккез 
қолданылатындығында болып отыр. Конспект тақырыпты ашатын 
болғандықтан, бірнеше дереккөз негізінде құрылады. Мұндай конспектіні 
жасау біраз еңбектенуді талап етеді. Тақырыптық конспект берілген 
тақырыпты талдауға, қойылған мәселені ашуға және сол мәселені жан- 
жақты оқуға басқаларынан гөрі жақсы көмектеседі. Дегенмен толыққанды 
конспект жазу үшін қаншама әдебиет қарауға тура келетініне дайын 
болыңыз, тек сонда ғана сіздің баяндауыңыз тыңдаушының құлағына 
жетеді.
103




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет