~ 230 ~
Науқас И., 47 жаста. Келесі шағымдармен түсті: ашушандық, үрей, ұйқының,
бұзылуы, спиртті ішімдіктерді қабылдауға деген күшті әуестік, алкогольді мастану
кезінде өз iс-әрекеттерін басқара алмау.
Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы анықталған жоқ. Балалық шағында
дамуы жағынан қатарластарынан артта қалған жоқ, жайлы жанұяда өскен. Алкогольді
бipiншi рет 17 жасында қабылдаған, және оған деген жиіркеніш ceзiмiн байқаған.
26 жастан бастап алкогольді жүйелі пайдаланған. Бұл кезде ішімдікке деген
жиіркеніш сезімі туындамаған. Жұмысындағы жағдайы (бар, тегін спиртті
ішімдіктер) ішімдікті көп пайдалануға ықпал еткен. Күнделікті дерлік ішкен, бірақ
ішуден бас тарта алған, "бас жазбаған". Осы кезеңде жанұялық жағдайларына
байланысты қонақ үйге жұмысқа ауысқан, бұл жерде жиі және көп мөлшерде іше
бастаған, еңбек тәртібін бұзған жағдайлар болған. Жұмысынан қуылу қayпiне
байланысты өз еркімен кетуге тура келген. Біртіндеп толеранттылық жоғарылаған:
науқастың айтуы бойынша, «алғашында шараптың бip рюмкасынан мас болатынмын, ал
қазір бip кеште екі шөлмек коньяк iшiп қоямын». 13 жыл бұрын бас жазу синдромы
пайда болды: қатты бас ауыруы, жүрек айну, бас айналу. Бұл құбылыстар
ішімдіктің белгілі бip дозасын қабылдағаннан кейін жойылған. Осыдан тоғыз жыл
бұрын ішіду шындығында қоямын деп шешіп, дәрігерге көрінген, эспираль
имплантацияланған. 5 жыл бойы ішімдік
пайдаланбаған. Кейіннен кезеңмен ғана
қабылдаймын деген үмітпен аздап ішуді бастаған. Алкогольге деген құмарлық жылдам
пайда болып, бас жазу синдромы қайта дамыған, алкогольге толеранттылы жоғары
шегіне жеткен. Қайта емделуге тілек білдірген. Екінші рет стационарға жатып,
зерттелгенде алкогольді майлы гепатит диагнозы қойылды. Шыққаннан кейін 8 айға
дейін ішімдік пайдаланбаған, бірақ өзімен бipгe емделген танысының ішіп жүргенін
естіп, тағы да байқап көpгicі келген. Ол ішкілігі стационарға осы түсу кезеңіне дейін
жалғасқан. «Маскүнемдік» сипаты өзгерген: кез-келген құрамында спирті бар
сұйықтықтарды қолданды, тез масаятын болды, жиі қақтығыстарға түседі. Қабылдаған
ішімдік мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтты, мастану жағдайында не істеп, не
қойғанын жиі есіне түсіре алмады.
Соматикалық жағдайы: жүрек шекарасы солға ығысқан, бауырдың қыры тығыз, ауыру
сезімінсіз, қабырға астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры үлкеймеген.
Неврологиялық
жағдайы:
рефлекстері
күшейген,
симметриялы.
Ошақтық
неврологиялық симптоматика жоқ, қол басының треморы байқалады. Гипергидроз, айқын
қызыл дермографизм.
Психикалық жағдайы: бағдары толық, контактқа оңай түседі, қабылдау бұзылысы
байқалмайды. Стационарға келу алдындағы кезенді нашар есіне түсіреді, жеңіл
фиксациялық
амнезия
байқалады.
Ойлау
темпі
баяулаған,
фантазиялауға,
диссимуляцияға, өтірікке бейім. Эмоциональды ұстамсыз. Көңіл-күйі төмен. Сөзінде
орынсыз әзілдер жиі кездеседі. Дертіне сыни көзқарас формальды.
Абстинентті синдромды жою үшін
науқас натрий оксибутиратын, реланиум,
дезинтоксикациялық терапия, массивті витаминдік терапия (соның ішінде В тобының)
ноотропил қабылдады. Психотерапия жүргізілді. Абстинентті жағдай симптомдары
жойылғаннан кейін науқастың алкогольді пайдаланбаймын деп уәде беруімен табанды
түрде сұранысына байланысты үйіне шығарылды. Наркологиялық диспансерде ем
жалғастыру ұсынылды. Диагноз: алкоголизм, ортаңғы сатысы.
Достарыңызбен бөлісу: