Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет149/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Соңғы (энцефалопатиялық) сатысы.
Бҧл саты алкоголизмнің 
алдағы сатылары симптомдарының тҥр ӛзгертулерімен және олардың 
ауырлай тҥсуімен, сондай-ақ
 
жаңа симптоматиканың пайда болуымен 
сипатталады. 


~ 231 ~ 
Алкогольге әуестік жеңілдеу сипат алады, жабысқақтық дәрежесі 
тӛмендейді. Алкогольге мәжбҥрлік әуестік ҧсақ мәнді психогенді 
факторлар нәтижесінде пайда болады. Сонымен қатар алкогольдің аз 
ғана дозасы кҥшті алкогольді әуестікке алып келеді. 
Алкогольге толеранттылық төмендейді
, яғни мастану кҥйі 
бастапқы және ортаңғы сатылармен салыстырғанда ӛте аз дозадан 
дамиды. 
Бҧл кезеңде науқас бір
 
қабылдағанда 150-200 мл. арақ ішеді, осыдан 
кейін айқын және ҧзаққа созылатын мастану пайда болады. Спиртті 
ішімдікті ҥлкен дозада қабылдаса есеңгіреу және сопор жағдайы 
байқалады. 
Алкоголизмнің бҧл сатысында 
абстинентті синдром
ӛзінің 
ҧзақтығымен, 
айқын 
вегето-қантамырлық 
және 
соматикалық 
компоненттермен, неврологиялық бҧзылыстармен ерекшеленеді. Науқаста 
брадикардияға, коллапсқа бейімділік байқалады. 
Алкоголизмнің энцефалопатиялық сатысына ішімдікті кҥнде дробты 
дозалармен ішу
 
(бірнеше сағат сайын 150 мл-ге дейін) немесе науқастар 
бipнeше кҥн
бойы ішетін, 
нағыз салынып ішу
тән. Бҧл кезде салынып 
ішудің ҧзақтығына байланысты науқастың ішімдікке деген толеранттылығы 
ҥдемелі тҥрде тӛмендейді. Егер салынып ішудің алғашқы кҥндерінде доза 
тәулігіне 1 литрге дейін жетсе, аяғында кҥніне 100-I50 мл-ге дейін 
тӛмендейді. Мҧндай салынып ішу алкогольді физикалық кӛтере 
алмаушылық нәтижесінде қҧсу немесе коллаптоидты жағдай пайда болуымен 
байланысты аяқталады. Салынып ішулер арасындағы ашық кезеңдер бірнеше 
кҥннен бірнеше аптаға дейін созылады. 
Алкоголизмнің бҧл сатысында 
тұлғаның алкогольдік
деградациясы 
көріністері 
басым
байқалады. Алкоголизммен науқастар жҥріс-тҧрыстың 
моральді-этикалық нормаларын жоғалтады. Оларда қоршаған ортаға деген 
қызығушылық жоғалады, олардың бар зейіні «ішкілікке» жинақталады. 
Алкоголизмнің ортаңғы сатысында тҥзілген мнестико-интеллектуальдық 
бҧзылыстар ҥдейді және тереңдей тҥседі. Психикалық қызметтің барлық 
тҥрінің кедейленуі бақыланады. Еңбекке қабілеттілік тӛмендейді, науқас тек 
квалификакацияны қажет етпейтін жҧмыстарды атқаруға қабілетті, ӛзінің 
сыртқы кӛрінісін бақыламайды, ҧқыпсыз киініп, лас болып жҥреді. 
Бҧл сатыда дертті сипаттағы қызғаныш идеялары жиі пaйда болады. 
Мастану кезеңінде бҧл идеялар науқас ойын тҥгелдей қамтып алатыны 
соншалық, олар агрессивті әрекеттер жасаумен әлеуметтік қayiп тудыруы 
мҥмкін. Науқастар жиі қорғансыз жағдайға тҥсіп, нашар тамақтанып, 
айтарлықтай дене салмағын жоғалтады. Алкоголизмнің соңғы сатысына 
созылмалы алкогольды психоздар тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет