~ 236 ~
Жҥйке жасушаларының некрозы және жоғалулары нәтижесінде ҥлкен
ми қыртысының цитоархитектоникасы бҧзылады, ол басым 3-4-5 қабатта
аралшалар тҥріндегі жасушаларда болады, олар патологиялық ӛзгерген
қантамырлармен байланысқан және маңдай бӛлігінде аса айқын.
Жҥйке жасушалары дистрофияланып ӛзгеріп, гипоксия қҧбылысы
айқын болады. Кейбір нейрондарда ядро атрофиясы, лизисі байқалып,
нейрондардың кҥйреуі байқалады. Глиялардың пролиферативті реакциялары
анықталады.
Мишықта, сопақша мида, қыртыс асты тҥйіндерде, кӛру тӛмпешігінде,
қҧйрықты денеде және бҧршақ тірізді ядрода дистрофиялық және
атрофиялық ӛзгерістер болады. Ми бағанасында және жҧлында жҥйке
талшықтары ыдырайды, нерв талшықтары, ең алдымен қозғалыс нерв
талшықтары патологиялық ӛзгеріске ҧшырайды.
Микроскопиялық зерттеулер мәліметі бойынша, қантамырлар
зақымдануы байқалады: қантамыр қабырғаларының склерозы, гиалинозы
және қалыңдануы, нейрондар дистрофиясы тҥрінде.
Морфологиялық ӛзгерістер ішкі мҥшелерде де байқалады және
миокардтың майлы инфильтрациясы, бауырдың майлы қайта тҥзілуі тҥрінде
кӛрінеді.
Морфологиялық зерттеу кезінде жҥректе ошақты «зақымдану» тҥрінде
кӛрінетін миокард қантамырлары мен бҧлшықет талшықтарының ӛзгерістері
байқалады, ол алкогольдік миокардиодистрофияның негізін қалайды және
алкоголизм кезінде жҥрек жеткіліксіздігі дамуына морфологиялық субстрат
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: