Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет153/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Емі 
 
Алкоголизммен науқастардың емі олардың реадаптациясымен және 
реабилитациясымен тығыз байланысты. 
Алкоголизм – науқастың ӛзі, оның туыстары, жақындары және қоғам зардап 
шегетін ауру. Алкоголизммен зардап шегетіндерді емдеу психиканың 
алкогольдік ӛзгерістерін, деградацияны ескере отырып (сын кӛзқарастың 
тӛмендеуі және т.б.) науқаста емделуге талпыныс болмаған жағдайда да 
жҥргізілуі керек. Дәрігер науқасқа ӛз еркімен емделудің қажеттігін науқас 
санасына жеткізу ҥшін кӛп кҥш жҧмсап, психотерапиялық әсер кӛрсетуі 
қажет және емделгеннен кейін алкогольді қолданудан абсолютті тҥрде бас 
тартуына ықпал етуі керек. Қажет жағдайда дәрігер науқастың туыстары, 
достары және қызыметтестерінің кӛмегін іздеуі керек. Емді мҥмкіндігінше 
ерте бастау қажет. 
Кейде науқасқа кҥштеу, мәжбҥрлеу қолданған дҧрыс, ем барысын 
қатаң сақтау қажеттігін айту керек және ем қабылдаудан бас тартқан 
жағдайда қоғамдық жаза қолдану мҥмкіндігімен қорқыту да қажет. Барлық 
шараларды микросоциальды ортаны сауықтырумен қатар жҥргізу керек. 


~ 237 ~ 
Науқастың ӛз жағдайына сын кӛзқарасы тӛмендегенде немесе 
болмағанда, ал алкоголизация және асоциальды жҥріс-тҧрыс аса айқын болса 
кҥштеп емдеу қолдануға қажеттілік туады. 
Созылмалы алкоголизммен науқастар тҧрғылықты жері бойынша 
денсаулық сақтау жҥйесінің емдік- профилактикалық мекемелерінде арнайы 
емнің толық курсын ӛтулері керек. Емдеуден бас тартатындарға, қоғамдық 
тәртіпті бҧзғандарға ішкі істер Министрлігі жҥйесіндегі емдік-еңбектік 
профилакторияларында кҥштеп емдеу және еңбектік тәрбие жҥргізіледі. 
Алкоголизммен науқастарды емдеу 
кешенді
(қолданылатын емдеу 
әдістерін ескере отырып), 
индивидуальды
(тҧлғалық ерекшеліктерді, 
алкоголизм сатысын және соматоневтрологиялық статусын есепке ала 
отырып
), ұзақ 
және
 үздіксіз
(аурудың патогенетикалық механизмдерін есепке 
ала отырып) болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет