Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет320/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Жҥйке жҥйесінің жағдайын
тексерудің 4 негізгі кезеңі болады: 
1.
Ауру шағымы 
2.
Ми анамнезі 
3.
Жҥйке жҥйесі жағдайын дәрігердің клиникалық тексеруі 
4.
Лабораторлық және инструментальды зерттеулер 
Жҥйке жҥйесінің жағдайы – науқастың шағымынан тҥсінікті болады. Бас 
ауруы, бас айналу, ыстықты кӛтере алмау, дем жетіспеу, ой еңбек қабілетінің 
тӛмендеуі, тітіркенгіштік, пароксизмальды кӛріністер. Жҥйке жҥйесінің 
жағдайын тексеру тікелей ми анамнезінен басталады. Бҧл терминді әйгілі 
психиатр А.Э Эпштейн ҧсынған, ол ми анамнезін анықтау методикасын 
жасап шығарған.
Біріншіден, жҥйке жҥйесі тарапынан пайда болатын дертті кӛріністер – 
олар бас ауыруы, айналуы, дамудың артта қалуы, невропатиялар, ақыл-ой 
еңбегіне қабілеттілік, тҧлғаның әлеуметтік дамуы және т. б.
Екіншіден, жҥйке жҥйесінің жағдайына әсер ететін барлық 
зияндылықтар: соматикалық аурулар, инфекциялар, интоксикациялар. 
Әсіресе ошақтық инфекция шақыратын, мысалы, баспа, отит, әйелдердің кіші 
жамбасы мҥшелерінің қабыну ҥрдістеріне кӛп кӛңіл аударылады. Бҧз 
зияндылықтар тек жҥйке жҥйесіне емес, сонымен қатар, адам ағзасының 
реактивтілігіне теріс әсер ететінін, психикалық аурудың дамуына, оның 
рецидив беруіне ықпал ететінін ескеру керек.
3.
Ми анамнезін зерттегеннен кейін біз жҥйке жҥйесі жағдайының 
клиникалық зерттеулерін жҥргіземіз. Ол неврология клиникасында 
қалыптасқан схема бойынша жҥргізіледі. Бірақ бҧл зерттеуде келесі 
міндеттерді ескеру керек: 
Біріншіден, психиатрияда неврологиялық ӛзгерістердің дәрежесі мен 
психикалық ӛзгерістердің айқындылығы арасында кері қатынас заңы белгілі, 
яғни, ми қаншалықты жеңіл ӛзгерістерге ҧшыраса, соншалықты психикалық 
ӛзгерістер дамуының ықтималдылығы жоғары. Бҧл науқаста жасырын 
церебральді жетіспеушілікті анықтау қажеттілігін кӛрсетеді. Ол ҥшін жҥйке 


~ 437 ~ 
аурулары клиникасындағы танымал функциональды сынамаларды жҥргізу 
керек.
Екіншіден, жҥйке жҥйесінің жағдайын тексере отырып, психикалық 
ауруларды қазіргі емдеу әдістерімен емдеу кезінде (нейротропты 
препараттар: аминазин және т.б.), паркинсонизм ауруының симптомдары 
тәрізді тҥрлі асқынулар даму мҥмкіндігін есте сақтау керек. Сондықтан 
науқастан осындай ӛзгерістер кӛрінсе, бҧрын немен емделгені туралы 
сҧраған жӛн. 
4. Жҥйке жҥйесін клиникалық зерттеуден кейін лабораторлық және 
аспаптық әдістермен терең зерттеу жҥргізу қажет. Осы зерттеулерді 
жҥргізген кезде мынадай сҧрақтарға жауап іздеуіңіз керек: аурудың себебі, 
зақымдану ерекшелігі, орналасқан жері немесе қосымша симптомдары. 
5.
Жҥйке жҥйесін терең зерттеу невропатолог консультациясын 
қажет етеді. Консультация кеңес болып табылатындықтан, не жӛнінде кеңес 
алатындығыңызды және ӛзіңізге нақты қандай кӛмек керектігін білуіңіз 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет