~ 441 ~
Екіншіден, психикалық аурулардың «милық ошақтарын», себебін,
асқындыратын церебральды факторларын, және де
аурудың неврологиялық
симптомдарын терең зерттеуге.
Ҥшіншіден,
науқастың
психикалық
жағдайын
терең
зерттеу.
Экспериментальды-психологиялық зерттеу әдісі тҧлғаның актуальды
психожарақаттаушы кҥйзелістерін анықтауға кӛмектеседі. Тҧлғаның
алкоголизмге, неврозға бейімділігін білдіретін тҧлғалық ерекшеліктерін
анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар
психикалық аурудың жасырын
симптомдарын анықтауға кӛмектеседі.
Психиатрияда қолданылатын барлық қосымша зерттеу әдістерін 3
негізгі топқа бөлеміз
:
Біріншіден, организмнің биологиялық ортасын зерттеуге негізделген
лабораториялық зерттеу әдісі. Мысалы, қан, зәр, ликвор және т.б.
Екіншіден,
инструментальды
зерттеу
әдістері:
рентгенография,
электрокардиография, электроэнцефалография, реоэнцефалография. Олар
соматикалық жағдайын және жҥйке жҥйесін зерттеуде қолданылады.
Ҥшіншіден, экспериментальды-психологиялық әдіс. Ол психикалық
науқасты терең зерттеуге бағытталған.
Нозологиялық диагноз.
Ҥш элементке негізделіп қойылады.
І. Синдромның нозологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы,
инфекциялық ауру және бас-ми жарақатынан кейін дамыған астениялық
синдром әртҥрлі кӛрінеді.
ІІ. Аурудың нақты ағымы, дамуына қарай.
Психикалық ауру ағымының
сатылары - преморбидтік, инициальді, манифестті. Басталу тҥрі: жедел,
жеделдеу, созылмалы. Ағымы:
прогрессивті, регредиентті, фазалы,
пароксизмальды.
ІІІ. Этиологиясы, яғни ауру дамуының шарттары және себептері.
А) Психикалық аурудың пайда болуы қҧпия болып кӛрінгенімен, ол
әрдайым
табиғи (биологиялық, психикалық, әлеуметтік) себептердің әсернен дамиды.
Б) Психикалық аурудың пайда болуы тҥсініксіз болғанымен, ол әрдайым
себептер мен бейімдеуші факторлардың әрекеттерінің және ӛзара
әсерлесуінің заңды нәтижесі болып табылады.
Диагнозды негіздеу нозологиялық тәнділігін дәлелдейтін факттардан
тҧруы тиіс. Мысалы, сіз науқаста психопатияны болжайсыз. Оны негіздеу
ҥшін келесі факттарды кӛрсетуіңіз керек:
а.
Ауру психикалық синдроммен байқала ма?
б.
Ауру бала кезден бері кӛрініс берді ме?
в.
Ауру барлық жағдайда байқала ма?