~ 440 ~
болжам бойынша – психикалық бҧзылыспен
асқынған босанудан кейінгі
сепсис.
Екіншіден, психикалық аурулар дамуы шарттарын зерттеуге
бағытталған. Психикалық ауру дамуы шарттарына науқастың соматикалық,
психикалық және церебральдық жағдайлары жатады. Психиатрияда бҧл негіз
(«почва») деп аталады (Жислин С.Г).
Психикалық, соматикалық,
церебральдық ерекшеліктер негізінің әртҥрлі клиникалық мәні болуы мҥмкін.
Олар бейімдеуші факторлар ретінде болуы мҥмкін. Мысалы,
алкогольдік психоз соматикалық және церебральдық жетіспеушіліктері бар
науқастарда тезірек пайда болады.
Негіз («почва») - аурудың клиникасына, ағымына, нәтижесіне әсер етуі
мҥмкін. Мысалы, алкогольді галлюциноздың созылмалы тҥрде ӛтуін
науқастың ертеректе алған бас-ми жарақатымен тҥсіндіруге болады.
Осыны
зерттеу және сәйкес ем тағайындау науқасқа жылдам кӛмекті қамтамасыз ету
мҥмкіндігін береді.
Соматикалық және церебральды жетіспеушілік терапияны таңдауда,
резистенттілік пен асқынулардың алдын – алуда маңызды орын алады.
Ҥшіншіден, клиникалық әдіспен анықталмайтын соматикалық,
неврологиялық және психикалық аурулардың
симптомдарын анықтауға
бағытталуы мҥмкін. Мысалы, аурудың бруцеллезді этиологиясына кҥмәндана
отырып, дәрігер дене қызуының кӛтерілуі, қандағы ӛзгерістердің болуы,
Бюрне және Хедельсон реакцияларының оң болуы сияқты қосымша белгілер
іздей бастайды.
Психоорганикалық
синдроммен
науқаста
бас–сҥйек
рентгенограммасында, энцефалографиясында және т.б. мидың органикалық
зақымдануы симптомдарын іздеуге болады.
Кей жағдайларда психикалық симптомдарды клиникалық әдістермен
табу мҥмкін болмай, тек психикалық эксперимент арқылы анықтауға болады.
Тӛртіншіден, психиатриялық клиникада
лабораториялық әдістермен
зерттеулердің алдына қойған жеке мақсаты кейбір медикаменттердің қандағы
деңгейін анықтау болып табылады. Мысалы, литий, тырысуға қарсы
препараттардың.
Достарыңызбен бөлісу: