Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет89/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Паранойяльдық синдром
– сандырақ синдромы, біріншілік сандырақ, 
шынайылық факттарын сандырақта интерпретациялау (интерпретативті 
сандырақ), қате пікірді негіздей ҥшін дәлелдер жҥйесі келтіріледі 
(жҥйеленген сандырақ). Сандырақ біртіндеп, доминантты идеялардан аса 
бағалы идеялар сатысынан ӛту арқылы тҥзіледі. Бҧған, аффективті 
реакциялардың кҥштілігімен және ригидтілігімен, ал ойлау және әрекет 
саласында – байымдылық және детализацияға бейімділікпен тҧлға 
ерекшеліктері ықпал етеді. Мазмҧны жағынан бҧл жанжалшылдық, 
шығармашылдық, қызғаныш, соңына тҥсу сандырағы. 
Паранойяльды синдром шизофрениялық сандырақтың бастапқы 
сатысы болуы мҥмкін. Бҧл сатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация 
болмайды, психикалық автоматизм қҧбылысы жоқ. Паранойяльды 


~ 147 ~ 
синдроммен паранойяльды психопатияның және алкагольды параноидтың 
психопатологиялық симптоматикасы толықталады.
Галлюцинаторлы–параноидты синдромдар
- ӛзара органикалық 
байланысты галлюцинаторлы және сандырақтық бҧзылыстар әртҥрлі 
арақатынаста кӛрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса, 
галлюцинаторлы синдром деп, сандырақ идеясы басым болса, параноидты 
деп атайды. 
Параноидты синдром
деп сандырақ дамуының параноидты 
сатысы да аталады. Бҧл сатыда бҧрын паранойяльды сандыраққа сәйкес 
келген қате пікірлер жҥйесі сақталуы мҥмкін, бірақ оның ыдырау белгілері 
табылады: жҥріс-тҧрысында оғаштық, сангдырақ мазмҧнының басым 
аффектке және галлюцинацияға (псевдогаллюцинацияларға) тәуелділігі, олар 
да параноидты сатыда пайда болады.
Кандинский-Клерамбо 
психикалық 
автоматизм 
синдромы
галлюцинаторлы-параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады 
және псевдогаллюцинациялар, психикалық актілердің бӛтендену қҧбылысы - 
автоматизмдер
және әсер ету сандырағы қосылады. Қабылдау бҧзылысы 
шеңберіндегі науқас, олардың еріктен тыс пайда болатындығына, 
жасандылығына сенімді – автоматизмнің мәні осында. Автоматизм 
идеаторлы, сенсорлы немесе моторлы болып бӛлінеді. Науқас ӛз ойын 
басқарып тҧр, оларды параллельді етеді, оны ойша балағаттауға 
мәжбҥрлейді, басына бӛтен ойлар салады, оның ойларын оқып, тартып алады 
деп есептейді. Бҧл жағдайды 
идеаторлы автоматизм
деп айтамыз. Бҧл 
автоматизм 
тҥріне 
псевдогаллюцинациялар 
жатады. 
Сенсорлық 
автоматизмге
сезімдік таным бҧзылысы жатады және науқастың сезім 
(немқҧрайдылық, әлсіздік, ыза, ҥрей сезімін «шақырады») және тҥйсіктің 
(дененің әртҥрлі бӛліктерінде ауру сезімін, электр тоғы жолдары сезімін
кҥйдіру, дызыл «тудырады») жасандылығы жӛнінде айтуларымен сәйкес 
келеді. 
Моторлы автоматизм
дамуында науқаста ӛз қимылдары мен 
қызметтерін басқаруды жоғалтқандығына сенім туады: бетінде еріксіз кҥлкі 
пайда болады, аяқ-қолдары еріксіз қозғалады, кҥрделі қимылдар жасалады
мысалы, суицидальды актілер.
Созылмалы және жедел галлюцинаторлы - параноидты синдромдарды 
бӛледі
. Созылмалы галлюцинаторлы-параноидты синдром
бірте-бірте 
кҥрделенеді, алғашқы симптоматикасы жаңалана тҥседі, кҥрделі психикалық 
автоматизм синдромы тҥзіледі.
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдар
емдеу әсерінен 
редуцирленеді және басқа психопатологиялық синдромға жылдам ауысады. 
Синдром ауысқанда бҧрынғы психопатологиялық симптоматика жойылып, 
орнына жаңасы келеді. Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромның 
қҧрылымында жедел сезімдік сандырақ, қоршаған ортаны сандырақтық 
қабылдау, сасқалақтау немесе қанық аффект кӛрінеді; Кандинский Клерамбо 
синдромы толық жетіліп ҥлгермейді (оның кейбір элементтері байқалады).
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдром жиі жедел парафрения 
және онейроидты жағдай дамуының бір сатысы бола алады. 


~ 148 ~ 
Галлюцинаторлы-параноидты синдром маниакальды депресивті психоздан 
басқа барлық психоздар кезінде диагностикалануы мҥмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет