II бөлі.м. Дидактика
109
қүрылымданған ақпаратты иеленеді, формальды- логикалық операцияны жүзеге
асырады. Оның әрекеті ақыл-ой - танымдық дамудың жастық екершеліктеріне
орай толықтай өзгереді: сенсорлықтан операцияға дейінгі кезең (мектеп
жасына дейінгі), нақты операциялар стадиясы аркылы (кіші мектеп жасы),
формальды-логикалық операцияларға дейін (он бес жас) жетеді.
Оку теориясын негіздеудегі ерекше рөлді - әрекет теориясы (деятель
ностная теория) ойнайды. (А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн). Бүл теория оқуды
оқытушы мен оқушының әрекеті ретінде қарастыруға және оқу үрдісінде
соңғысының рөлінің күшеюін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бүл оқу теория-
сына сәйкес, оқушы оку үрдісінде накты, формалды-логикалық және шығар-
машылық әрекеттер жасайды, олар бағдарламаланған және толық әлеуметтік
іс-әрекеттермен қарастырылады. Бүл кезекте оқушының окуды үғыну деңгейі
жоғарылай түседі.
Аталған оқыту түжыүрымдамалары ортасында оқу мәнін әрекет ретінде
ашып көрсетуде бүл күнде гуманистік психология өкілдерінің идеялары
ерекше маңызга ие болады (К.Р. Роджерс, А.Х.Маслоу). Олардың түсінігіндегі
оку-түлғаның озін-өзі жетілдіруі мен үйымдастыру мақсатындағы жеке тәжри-
бені өзін-өзі басқаратын қүрастыру болып есептеледі. Олар оқуды оқушының
дербес іс-әрекеті ретінде қабылдайды және түсіндіреді; оның оку үрдісіндегі
жетекші рөлін мойындайды; оқу және шығармашылык мәселелерді шешудегі
оқушылардың жеке тәжірибені қолдану қажеттілігін дәлелдейді; іс-әрекет
формаларын таңдау бостандықтарын оқушы қүзырына калдырады.
Оқудың аталған психологиялық теорияларына қысқаша шолу олардың
авторларының дүниенің адамның және оның психикасының не механикалық,
не органикалық модельдеріне сүйенгенін корсетеді. Жоне олардың жасаған қоры-
тындылары кобінесе окудың теориялық алгышарттары ретінде ғана қала береді.
Оқудың әрекет ретіндегі маңызды қүрылымы, оның мазмүны
Достарыңызбен бөлісу: