П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет187/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

11 бөлім. Дидактика
логикалық қүрылымы оқу материалының мазмүнын және оқушылардың оқу 
орекетін қүруға бағынышты.
9.2. Оқыту әдістерінің жіктемесі
Қазіргі кездегі дидактиканың откір мәселе- 
Оқыту әдістерін 
сінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу. Дәл қазір
жіктеудің негізгі төсілдері 
бүл мәселе туралы нақты бір жақты көзқарас
жоқ, бүрынғы кездегі жіктеу бойын-ша оқыту 
әдістерін мүғалімнің жүмыс әдісіне (әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме) және 
оқушылардың жүмыс әдісіне (жаттығулар, өздік жүмыс) т.б. бөлген.
Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:
а) 
сөздік әдіс 
(білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі 
жатады);
б)
кернекілік әдіс 
(көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер 
қүбылыстар);
в) 
практикалық әдіс 
(оқушылар практикалық жүмыстарды орындай 
отырып білім алады, біліктілігі артады).
Оқытудың сөздік әдісі - оқыту әдістері жүйесінде жетекші 
Оқытудың 
орын алады. Бір кездері бүл әдіс білім берудің бірден-бір
сөздік әдістері 
тәсілі болған. Прогресшіл педагогтар Я.А.Коменский, 
К.Д.Ушинский т.б. ол әдістерді ғана мойындауға қарсы 
болған, көрнекілік және практикалық әдістермен толықтыру қажеттілігін 
дәлелдеген. Қазіргі кезде оларды ескірген, “белсенді емес” деп жиі айтып жүр. 
Сөздік әдіс аз уақытта колемі жағынан үлкен, коп ақпарат беруге мүмкіндік 
жасайды. Мүғалім соз арқылы адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын 
бейнелер арқылы балалардың санасына жеткізеді. Сөз оқушының ойын, есте 
сақтау қабілетін, сезімін жандандырады.
Сөздік әдістің мынандай түрлері бар: 
әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме,
пікірталас, дәріс, оқулықпен жүмыс.
Әңгіме. 
Оңгіме әдісі оқу материалының мазмүнын ауызша жеткізеді. Бүл 
әдіс мектептегі оқыту үрдісінің барлық кезендерінде қолданылады, тек әңгіме 
көлемі, сипаты, үзақтығы жағынан ғана озгереді.
Әңгіме жаңа білімді баяндау әдісі сияқты әдетте бірқатар педагогтық 
талаптардан түрады. Әңгіме:
тек анық дәлелдерден түру керек;
айтылатын ой-түжырымныц дүрыстығын растайтын сенімді де айқын 
мысалдар жеткілікті түрде болу керек;
баяндау нақты ойға қүрылу керек;
сезімдік күші болу керек;
қарапайым, түсінікті тілмен баяндау керек;
баяндалған дәлелдер мен оқиғаларға деген оқытушының жеке бағасы 
мен көзқарасының элементтерін көрсетуі керек;
Түсіндіру. 
Түсіндіруді оқылатын объектінің, жеке түсініктер мен қүбылыс- 
тардың маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын үғыну деп түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет