II бөлім. Дидактика
155
лық, математикалық есептерді,
теоремаларды шешуде, табиғат пен қоғам
өміріндегі қүбылыстардың себептері мен салдарын ашуда қолданылады.
Түсіндіру әдісі мыналарды қажет етеді:
- есептер, мән-жайлар, мәселелер,сауалдарды нақты әрі дәл қалыптастыруды;
-
себеп-салдарлы байланыстарды, айғақтар мен дәлелдерді жүйелі түрде
ашуды;
- салыстыруларды, теңестірулер мен үқсастарды пайдалануды;
-
айқын мысалдарды келтіруді;
- мінсіз, таза баяндауды.
Түсіндіру оқытудың әдісі ретінде әр түрлі жастағы балалармен жүмыс
істегенде кеңінен қолданылады. Бірақ орта жоне жоғары мектеп жасындағы-
ларға оқу материалының күрделілігіне және оқушылардың интеллектуалды
мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты томенгі
сынып оқушыларына қарағанда
бүл әдісті қолдану анағүрлым тиімдірек.
Әңгіме.
Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінуіне немесе өтілген
материалды қаншалықты игергенін тексеруде мүғалімнің алдын-ала ойлас-
тырылған сүрақтар жүйесі жолымен шешкен оқытудың диалогті одісі.
Әңгіме дидактикалық жүмыстың ең кене одісіне жатады.
Оны Сократ
шеберлікгіен қолдана білген. «Сократтық әңгіме» деген үғым осыдан қалған.
Орта ғасырларда оқулық бойынша сүрақтар мен жауаптарды тудыруға
жетелейтін катехизистік дейтін әңгіме кеңінен тараған. Қазіргі кезде мүндай
әңгіме мектепте қолданылмайды.
Оқу материалының мазмүны мен нақты міндеттеріне,
оқушылардың
шығармашылық, танымдық қызметтері мен дидактикалық үрдістегі әңгіме
орнына байланысты әңгіменің әр түрі бар:
кіріспе немесе бастама әңгіме;
үйымдастырылатын әңгіме; хабарлама-әңгіме немесе жаіқа білімді ашу
Достарыңызбен бөлісу: