180
II бөлім. Дидактика
Бүл мазмүн оқу үрдісінің даму негізі, кызмет қүралы болып табылады,
өзінің қозғалысы бар және оның шексіз даму мүмкіндігі оқытудағы дамудың
жетекші рөлін қамтамасыз етеді.
Демек, оқытудың формасын оқушылардың оқу материалдарының белгілі
бір мазмүнын және әрекет тәсілдерін меңгеруге бағытталған мүғалімнің
басқару әрекеті мен оқушының баскарылушы оқу әрекетін үйлесімді іске
асырушы оқыту үрдісінің циклдерінің, бөліктерінің қүрастырылымы деп
түсіну керек. Оқыту циклдерінің сыртқы түрін, сыртқы белгілерін көрсете
отырып, форма олардың түрақты байланысгарының және оқытудың әрбір
циклінің компоненттерінің байланыстарының жүйесін көрсетеді және дидак
тикалык үғым ретінде оқушылар санына, оқыту уақыты мен орнына байланысты
оқыту үрдісін үйымдастырудың сыртқы жактарын білдіреді. Бүл жағдайда
кейбір ғалым педагогтар, жеке алғанда М.И.Махмутов, педагогикада “форма”
сөзі арқылы жасалған “оқыту формасы” және “оқытуды үйымдастыру формасы”
деген екі терминнің айырмашылығын корсету қажеттігі бар деп есептейді.
Алғашқы айырмашылығын “оқыту формасы” оқушылардың үжымдық, жалпы
және жеке жүмыстары екендігімен көрсетеді. Бүл мағынада “оқыту формасы”
термині “оқытуды үйымдастыру формасының” сабақтың белгілі бір түрін,
сабақты, пәндік үйірмені және т.б. көрсететінімен ажыратылады. (Махмутов
М.И. Современный урок. - М., 1985, с.49). “Үйымдастыру” терминінің педа-
гогикалық түсініктемесінің мәні неде?
В.Дальдің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, “организовать или организиро-
вать” деген сөздер орналастыру, тәртіпке келтіру, қүрастыру, қүру, қатарла-
тып негіздеу дегенді білдіреді. “Фипософиялық энциклопедияда” үйымдастыру
дегеніміз - “реттеу, ретке келтіру, материалды немесе рухани қайсыбір
объектіні жүйеге келтіру, қайсыбір объектінің бөліктерінің арақатынысын
үйлестіру (Философиялық энциклопедия. - М., 1970, Т4, с. 160). Одан әрі,
үйымдастыру түсінігінің табиғи және әлеуметтік орта объектісінде қатысы бар
және үйымдастыруды қайсыбір түтастықтың элементтерінің орналасуы мен
өзара байланысы ретіндегі екі мағынасы басым көрсетілген. (Сонда, 160-
Ібібетгер). Осындай “үйымдастыру” терминінің түсіндірмесіне сүйене отырып,
И.М.Чередов оқытуды үйымдастыру формасы мүғалімнің
Достарыңызбен бөлісу: