П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р


Қорыту және жүйелеу сабағы



Pdf көрінісі
бет239/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

Қорыту және жүйелеу сабағы. 
Сабақтың бүл тигіі негізгі дидактикалық 
міндеттердің екеуін шешуге бағытталған біріншісі, оқушылардың күнделікті 
отіп жатқан теориялық материалды жоне таным әдістерін меңгеру деңгейін 
тексеру, екіншісі, оқушылардың жыл бойғы, тоқсандағы бағдарламалық 
материалды меңгеруін тексеру үшін бақылау жүргізу. Психологиялық 
түрғыдан алғанда бүл сабақтар оқушылардың жүйелі түрде үлкен бөлімдерді, 
оку материалдарының ірі блоктарын қайталауы - оларға оның жүйелік 
сипатын түсіндіруге, коп мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Қорыту және жүйелеу сабақтары сабақтың барлық бес түрінде колданы- 
лады. Бүның бір ерекшілігі мүғалім оқушының жаңа материал меңгеруінің 
алдында оқушыларға сүрактар беруі мүмкін, алдын ала қарастыратын 
қүжаттарды оқуға тапсырма беруі мүмкін. Ол үшін мүғалім әр оқушымен 
немесе топпен жүмыс істейді, үсыныстар жасайды. Жоғарғы сыныптарда ең


II бөлім. Дидактика
195
көп тараған қорыту және жүйелеу сабақтары көп мәселе қозғайтын пікірталас 
сабақтары немесе семинар сабақтары түрінде өтеді. Себебі бүл сабақтарда 
оқыған материалдарды тереңірек және жүйеленген түрде меңгереді, сонымен 
катар 
осындай 
сабақтардың 
барысында 
оқушылар 
теориялық 
және 
тәжірибелік, шығармашылық сипаттағы міндеттерді шешеді.
А ралас сабак. Бүл мектеп тәжірибесіндегі ең кең таралған сабақ түрі. 
Бүнда алдында айтқан сабақтың үш түрінің барлығының дидактикалық 
міндеттері шешіледі. Сондықтан да ол аралас деп аталады. Бүл сабақтың 
әдістемелік қүрылымының негізгі элеменгері болып табылатындар: а) оқушы- 
ларды сабаққа үйымдастыру; б) бүрынғы өткен материалдарды игеру деңгейін 
тексеру,оған қоса ағымдағы сабақтың материалдарын меңгеруін қадағалау;
в) жаңа материалды мүғалімнің болін қарастыруы, еңгізуі және оқушылардың 
материалды түсінуі үшін олардың жүмысын үйымдастыруы; г) жаңа материалды 
алғашкы бекіту, оқушылардың іскерлііі мен дағдыларын қалыптастыру жү- 
мыстары, білімдерін тәжірбие жүзінде қолдану; д) үй тапсырмасын және оның 
үлгілерін беру; е) оқушының бүкіл сабаққа қатысуына қарай бағасын немесе 
баллын қойып, сабақты қортындылау.
Аралас сабақтың әдістемелік қүрылымының аталған бөліктері оқу 
жағдаятының сипаты мен мүғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. 
Аралас сабақта бүл бөліктер кезектесіп отырады. Мүндай жағдайда аралас 
сабақтың қүрылымы икемді және қозғалмалы бола бастайды. Осы жағдай 
мүғалімді әз жүмысында біркелкіліктен сақтайды. Сонымен, жаңашылдар
С.Н.Лысенкованың, И.ІІ.Волковтың, В.Ф.Шаталовтыц жүмыс практикасында, 
жаңа білімдерді меңгеру - оздік жүмысын жасау барысында жүреді, білімді 
гексеру - оқушылардың белсенділігін тексеруде көрінеді.
Жаңа материалды игеру барысында, бірден оны бекіту мен қолдануды 
үйымдастыруға болады, ал бекіту барысында білімді, дағдыны бақылау, осы 
білімдерді әр түрлі жағдайларда қолдануды үйретеді. Осындай аралас сабақ- 
тың беліктерінің кешенділігі оқушылардың жан-жақты білім алуына мүмкін- 
дік береді, ал мүғалім оз уақытын дүрыс гіайдалана алуы қажет. Оқушылар 
білімін тексеруді 20-23 немесе 30 минутқа созуға болмайды, себебі 15-20 
минут жаңа сабак түсіндіруге аздық етеді. Егер осылай болса, оқушылар жаңа 
сабақтың ауырлығын үй-тапсырмасына түсіреді. Оқушы, егер сыныпта “алты 
сағатты еш пайдасыз олі сағатқа айнапдырса, сабақты түсіндірген кезде, оның 
жартысын тындамаса, онда ол сабаққа сабақтан тыс сағаттарда даярлануы 
керек. Азғантай нәтижеге бола қанша уақыт босқа кеткен, қанша ауыр күш- 
жігер жүмсаған. Бүндай сабақ беруде қол жеткен азғантай пайда түтас сағаттар 
бойы әрекетсіз отыру дағдысына және сыныптарды осындай қырсықты уақыт 
откізуге әкеледі” (Ушинский К.Д. Собр. соч. Т. 2. - М.; Л. 1948. с. 216). Аралас 
сабақтың тиімділігі мен нәтижелі болуы оның күрылымына тәуелді емес, 
сабақтың мақсатының дүрыс қойылуына, мүғалімнің оқушыларға түсіндіре 
біліуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет