II бөлім. Дидактика
197
тапқырлығына да байланысты болады. Мүғалімнің жүмысына келесі эле-
менттер жатады: оқушыларды үйымдастыра білу, әр түрлі мэселелі жадайлар
туғызып, оған оқушылардың белсене қатысуына психологиялық дайындық
жасау, мәселелерді жіктеу, болжамды және оны шешудің бірнеше нүсқау-
ларын үсыну; мәселелерді шешудің тиімді әдістерін іздеу; нәтижелерді
талдау; мүғалімнің түсіндіруі, қорытуы; үйге тапсырма беру; сабақты аяқтау-
жүмыстың нәтижесін шығару. Мүның бәрі мүғалімнің шығармашылығына,
жеке әдістемелік міндеттерге байланысты болады. Алайда кез келген сабақтың
әдістемелік қүрылымы мына нәрселерді іске асыруы керек: ертерек меңгерген
білімдерді пайдалану және әрекетін әдісін, білімді, дағдыны, ептілікті қол-
данудағы қызмет әдістері және жаңа түсініктер қалыптастыру. Берілген сабақ
типтері «таза» күйінде іс жүзінде сирек ғана кездеседі. Бір типтегі сабақтың
қызметтері басқа типтегі сабақ қүрылымында көрінеді. Айырмасы тек сабақ-
тардың әрбір аталған типі белгілі бір қызметтің мысалы, жаңа материалмен
танысу және оны окып-үйрену немесе бақылау мен бағалау басым болуы
мүмкін де, сабақтың басқа типтерінің қызметтері қосалқы сипатталады. Бірақ
теоретик - педагогтар да, практик - мүғалімдер де оқыту формаларын іздестіре
отырып, оқушылардың бір азғантай уақыттың ішінде қызығуы үшін дэстүрден
тыс сабақтардың шүбәләң түрлерін пракгикаға енгізу оқытудың нәтижелілігін,
танымдық әрекеттің деңгейін төмендететінін, мүндай сабақтарды даярлауға
олардың нәтижелерінен асып түсетін күш жүмсалатынын үмытпау керек.
(Сарапулов В.А. Дидактика: теория и практика обучения. - Чита, 2000 с. 110).
Достарыңызбен бөлісу: