II бөлім. Дидактика
205
жүмыстар оқушының шығармашылық әрекетін одан әрі дамытуға негіз
қүрайды.
Эвристикалык
өзіндік жүмыстар белгілі үлгіден тыс жауап іздеу дағды-
лары мен іскерліктерін қалыптастырады. Оқушы міндеттерді шешу жолдарын
іздестіреді және табады. Міндеттерді шешуге оқушының білімі жеткенмен,
оларды ойша іріктеу оңай емес. Өнімді орекеттің осы деңгейінде оқушы-ның
шығармашылық әрекеті қалыптасады. Жаңа шешімдерді үнемі іздеу, алынған
білімдерді қорыту және жүйелеу, оларды дәсгүрден тыс жағдаятқа көшіру
оқушыларда дагдылар, іскерліктер мен өзбетінше білім алу қажеттігін
қалыптастырады. Эвристикалық өзіндік жүмыстардың түрлері көп болуы мүмкін.
Мектеп практикасында ең көп тараған эвристикалық өзіндік жүмыстары-
ның түрлері өзіндік түсіндіру, көрсетілімді, қүбылысты талдау, дәлелдемелер,
тепе-теңдіктер, есептеулер арқылы түжырымдарды негіздеу болып табылады.
Мысал ретінде 6-шы сыныптағы физика сабагының үзіндісін қарастыра-
мыз. Алдыңғы сабақтарда оқушылар сүйықтың оған түскен дене әсерін,
дененің жүзу шартын оқып үйренген, бекіткен. Енді, міне, мүғалім қарагіайым
тәжірибе көрсетеді. Мойны жіңішке бөтелкеге толтырып су қүйылады,
ермексазға сіріңкені орналастырып суға түсіреді. Бөтелкенің аузын саусақпен
басып, суды итереді. Сіріңке суға жаймен орналасады. Сосын ол жоғары
көтеріледі, кез келген тереңдікке тоқтайды, тағы томен түседі. Сыныптың
басым көпшілігі бүған таң қалады. Мүғалім бүл қүбылысты түсіндіруді
үсынады. Бүл эвристиқалық тапсырма. Бүл шешімнің саусақпен жасалған
сүйықтың ішіндегі қысыммен байланысты екені бәріне мәлім. Бірақ, бір
жағынан, бүл қысымның өзгеруі сіріңке тіке қарсы орналасқан, екінші жағынан,
оның жүзуі өзгеріп түр ғой. Оқылған формулаға мына қысым сыймай түр. Осы
сүраққа жауап алтыншы сыныптағыларға көп қуаныш әкелмек.
Шығармашылық өзіндік жүмыстар оқушылардың өзіндік әрекетінің
деңгейі болып табылады. Бүл өрекет оқушыға жаңа білім алуға мүмкіндік
жасайды, білімдерді оз бетінше іздеу дағдыларын бекітеді. Психологтардың
пікірінше, оқушылардың мәселелік, шығармашылық міндеттерді шешу бары-
сындағы ақыл-ой әрекеті шығармашылық және ғылыми қызметкерлер әрекетіне
үқсайды. Осы типтегі міндеттер - шығармашыл түлғаны қалыптастырудың
тиімді күралы.
Достарыңызбен бөлісу: