III бөлім. Тәрбие теориясы
257
үлкен эсер етеді. Алайда дүрыс тәрбие бергеннің нәтижесінде еліктеу арқылы
жас бала әлеуметке дүрыс енеді.
Мектепте этикет сабактарының көп жүретініне қарамастан, неліктен
мектеп оқушыларына этикет нормаларын меңгеру қиынға түседі? Себебі, ол
окушыда күнделікті өмірде үлгі түтар немесе еліктейтін адамы жоқ,
қалғандары қарапайым этикетті үлкендерге еліктеу мектебінен өтіп жатқан
кезінде, ол оны көрмеген.
Баланың араласушы ортасы тар болса, оны өзін-өзі үстау тәжірибиесі де
бір түрде, бір келкі болады. Мысалы, шалғайдағы ауыл балалары, теледи-
дардың не екенін білмейтін, нак бір жақтылықтың мысалы бола алады. Олар
артта қалып қойған, ауыл ауқымынан шыға алмайды, оларды адамдағы ерекше
нәрселер таңдандырады. Баланың алғашқы сезімдері терең болады. Оларды
өшіріп тастауға болмайды, сондықтан ол болашақта да көрініс беруі мүмкін
немесе болашақ әсерлерге эсер етеді. Импринтинг (эсер) - бүл да табиғаттың
біздің тез қабылдауымызға арналған сыйы. Оның қызметі өте үзақ болады, 6-8
жастағы балалар алғашқы көрген эсерлері бойынша дәл уақытында келуді
айтып, мазамызды алады. Мысалы: «мынаны бүлай істеу керек - бізге осылай
үйреткен». Кейін бүл эсер өшеді, кейде мүлдем өшгіейді. Тіпті бүл бізге
кедергі де келтіреді: біз адамнан алған алғашқы әсерімізден,
оған деген
ойымызды өзгертсек те күтыла алмаймыз.
Импиритинг (ағылшынша - есте қалдыр) әуені хайуанаттарға тән екен.
Австрия биологы
К.Лоренц кішкентай үйректің жүмыртқадан шыға сала
бірінші көрген тірі зат немесе жай заттар, ол мейлі жасыл жәшік болсын, ана
үйрек болсын, тіпті Конрад Лоренц болсын еріп кете беретінін көрген.
“Сүлеймен патшаның жүзігі” атты кітапта жазушы балапан үйректерді қалай
саяхатқа алып шықканын, өзі отырып, күркілдеп, оны үйрек ретінде
қабылдағанына куә болған.
Педагог, түлганың қалыптасу факторы ретінде әлеуметтік ортаның рөлінің
үлкен екенін біледі және тәрбиелеуші ортаға аса мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: |