Тәрбие — бүл баланың барынша түлға ретінде дамуына, баланың қазіргі
заман мәдениетіне енуіне, өз өмірінің сүбъекті және іске асырушы Адам
агалуга түраіындай болып калытасуы үшін маман-педагопың максатты
бағып алған әрекеті.
Бүл орекеттің үйымдастырылуы жәке түлғаның кдііыпгасу үрдісінің ғылым
бейнесіне сүйенеді, өйткені қалыптасу кәсіби әрекегтің әлеуметтік-психоло-
гиялық табиғатына сай болғанда ғана жоғары кәсіби нәтиже алуға болады.
Мысалы, дәмді тағам пісірегін адам ең алдымен дайындайгын азықтың
сапасына қарайды. Айталық, дәмді пирог гіісіруші өзінде бар онімдердің
табиғи қасиеттерін есепке алады, өнімді жасамас бүрын ағаш кесуші ағаштың
табиғатына көңіл бөледі.
256
III бөлім. Тәрбие теориясы
Түлға
- бүл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік катынасқа
түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта эсер етеді, ол саналы түрде
адамдармен және әлеуметтік қүбылыстармен қарым-қатынас орнатады.
Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке түлға әлеуметтік ортада өзін
дара үстайды және өз қарым-қатынастары үшін өзіне есеп бере алады.
Жеке түлғаның қалыптасуына эсер ету үшін алдымен мынадай қалыптасу-
лар табиғатын білу керек: баланың әлеуметтік қарым-қатынастары қалай
қалыптасады? Бүл қалыптасудың негізгі факторы не? Бүл үрдістің кезеңдік
сатылық қозғалысы қандай? Әлеуметтіқ қүнды қатынастардың қүрылуында
бала қалай өзінің даралығын немесе жеке қасиетін қалыптастырады.
Педагогтың бүл сүрақтарға қызықпауы мүмкін емес, өйткені бүл жауап
педагогтың өз әрекетін, үйымдастыруының түп негізінде жатыр. Пәннің
объективтік табиғатына қарамай өз жүйесін күру - педагогтың сәтсіздікке
үшыратады. !^Кеке түлғаның қалыптасуы - бір сәтте аяқталмайды, ол да
қозғалыс сияқты өз себептері бойынша өз сатыларынан өтіп, өз үдеуі бар, өз
тарихы бар үрдіс ретінде жүреді. Ол жеке түлғада өзгерістер болып түрғанда
ғана жүзеге асады. Үлкен жасқа жеткенге дейін бүл қалыптасу тоқтамайды,
өйткені әлеуметтік шынайылық өзгереді, ол дегеніміз оның әлеуметтік рөлі
тоқтаусыз өзгеріске кезігіп отырады және де өмірлік тәжірибе жеке түлғаның
әлеммен қатынастарын өзгертіп отыруға мәжбүр етеді. Жеке түлғаның
қалыптасуының тоқтауы - жеке түлғаның өлуі^Дл жеке түлғаның өмір сүруі
дегеніміз - жеке түлғаның әлеуметтік өмірмен байланыста болуы, басқа
адамдармен араласып, өз ойын, көзқарасын айта білуі, қоғамға қажетті
материалдық және рухани қүндылықтар жасауы, адамзат өміріне қатысты
басқа объектілердің мәнін бағалауы. Тек, әлеуметтік ортада ғана жеке түлға
өзінің «Менін» көрсете алады,
Алдымен адам әлемді меңгереді. Бір объектіден кейін бір объект оның
қабылдау аймағына түсіп, оның сана сезімінде өз көрінісін табады. Баланы
қоршаған орта нысандарының заттық әрекеттестігі рухани күш арқылы жүзеге
асады: бала объектіні қабылдайды, оның неге қажет екенін анықтайды, өзінің
жеке өмірінде болатын осындай жағдайды басынан өткереді, өмір қүбылы-
сынан бүрын объектілерді талдап қорытынды жасайды. Бір мысал келтірсек.
Р.Роллан өзінің «Жан-Кристоф» романында жеке түлғаның қалып-тасу сәтін
былай суреттейді:
«...Мынау тамак ішетін үстел; мынау Кристоф ойнап жүріп тығылатын
буфет; мынау тас плиталардан жасалған еден, қабырғада оған қарап түрған
сэнді түстамалар; анда қозғалмалы маятникті сағат...мысық, стол, пештегі от,
шаң. Бөлме - бүл бүкіл бір элем... - осы нәрселерді өзіне бағындыру үшін көп
күш жүмсап жаттаған нәрселері».
Бірақ нағыз шынайылықққа келсек, баланың қалыптасуына оның қоршаған
адамдардың рөлі зор. Ол үлкендердің істерін бақылай отырып, объектіге деген
жеке карым-қатынасын, оның қүндылығын бағалай бастайды. Уақыт өте келе,
ол өзі тәжірибе жинақтап, өз бетімен үйретеді, алайда оның өз-өзін үстауына
бағыт-бағдар беріп отырған жөн.
Жасөспірім үйде жалғыз қалғанда әкесі үмытып қалдырған шылымын
тартып, досына телефон шалып, әкесінің айтатын сөздерін айтады: «Кіріп
шық, темекі тартайық». Еліктеу инстинктігі жеке түлғаның қалыптасуына
|