Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет75/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

12.
 
Оқу миымыздың жасартады 
Форд моторының негізін салушы атақты Генри Фордтың мынадай сӛзі бар: 
«Үйренуді тастаған адам жиырма жаста болса да, сексен жаста болса да қартайған деген сӛз. 
Үйренуді жалғастырған адам мейлі ол кім болса да жас қалпында қалады. Дүниедегі ең 
жақсы нәрсе − зейніңізді жас ұстау». 
229
Ба
қ
ара, 2\146 
230
Ә
бу Дауыт, Илм 9; Тирмизи, Илим 3. 
231
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Иршад Ексени 97-98, Нил йайынлары, Измир, 2001 


116 
Жүргізілген соңғы зерттеулер бізге мынаны кӛрсетеді: Жиырма жасынан бастап 
барлық адамның миында күн сайын елу мың шамасында жүйке жасушасы ӛледі және оның 
орнына жаңасы келмейді. Міне, осы жасуша ӛлімдерінің артуының нәтижесінде адамда 
ақыл−парасаттың кемдігі пайда болады. Оқымаған адам жиырма жастарынан бастап ӛле 
бастаған жүйке жасушаларымен шапшаң түрде ақыл кемдігіне ұшырай бастайды. Ал, үнемі 
оқитындар басқа себеп жоқ болса бұдан құтылу мүмкіндігіне ие болады. Ӛйткені, кітап оқу 
мидың жасушаларын қорғайды.
Миымыздың жас болып қалғанын қаласақ ми жасушаларын үздіксіз жұмыс істетуіміз 
керек. Бұл үшін кӛптеп кітап оқып, ми гимнастикасын жасауымыз қажет.
Соңғы кездері бүкіл әлемде Альцгеймер ауруы күн сайын арта түсуде. Ми 
қабілетінің азаюы болып табылатын бұл ауру 65жастан асқан адамдардың 7 пайызын 
құрайды. Тіпті, зерттеулерде бұл ауру обырдан кейін үшінші ӛлім себебі ретінде орын 
алады.
Зерттеулер бұл аурудың қарттар арасында таралуының негізгі себебі ми 
жаттығуларының аздығы екенін кӛрсетеді. Қажетінше жұмыс істетілмеген ми жасушалары 
сола бастайды. Мәдени қызығушылық азайып, жойылған кезде есте сақтау орталығындағы 
жасушалар солып, ӛледі
232
. Оқу адамға зейіндік жаттығу жасатады. Ми жасушаларының 
жанды болып қалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан оқитын адамдарда қартайған кезде 
ақыл−парасат кемдігі оқымайтын адамдарға қарағанда аз кездеседі
233
.
Осы тақырыпқа қатысты мынадай оқиға туралы айтылады: Америкада жоғары сот 
мүшесі Oliver Wendell Holmes 90 жасында ӛз қалауымен зейнеткерлікке шыққаннан кейін 
жаңа елбасы болып сайланған Рузьвелт оның үйіне барады. Оны кітапханасында Eflatun−ды 
оқып отырғанын кӛріп «Мырзам! Оны неге оқып отырсыз?» деп сұрайды. Тоқсандағы кісі 
«Миымды жетілдіру үшін оқып отырмын, құрметті елбасы» деп жауап береді. Осыдан біз де 
сабақ алғанымыз жӛн.
Ұмытшақтық ауруына шалдыққан оқушылар кітап оқуға кӛбірек мән беруі керек, 
зейіндерін жалқаулыққа үйретпеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет