10.
Үйіміз кітап оқумен нұрланады
Кітаптар үйіміздің жарығы секілді. Үйінде кітап оқитын адамның ӛзінің үйі де, кӛңіл
күйі де нұрланады. Ата−аналар үйде кітап оқу керек, мұны балалары кӛруі керек. Тіпті,
222
Суюти, Сиерун Нубела 5\275, Муессесетур Рисале, Бейрут, 1413
111
үйде тұрақты кітап оқитын уақыт бӛлінуі керек, сол уақытта үйдегілер бірге кітап оқулары
тиіс. Бұл үшін үйде бір кітап оқитын орын да арнауға болады.
Ислам тарихына кӛз салатын болсақ Құран аяттарының үйлерде оқылғанын
байқаймыз.
Хаз.Еркам Бин Әбил Еркамның үйі сахабалардың кӛпшілігінің Исламды қабылдаған
үйі болып табылады. Хаз.Мусаб Бин Умейр Исламды үйрету үшін Мәдинаға жіберілген
кезінде Хаз.Есад Бин Зүраренің үйінде қонақ болады. Хаз.Махраме Бин Неуфелдің үйі
Дарул Курра (толығымен Құран үйренетін үй) болып табылады.
Бәдірден қысқа уақыттан кейін Хаз.Абдуллаһ Бин Үмми Мектум мен Хаз.Мусаб Бин
Умейр Мәдинаға келген кездерінде осы үйге түседі. Хаз.Хаббаб Бин Әл Ерет те осы
үйлердің бірінде Хаз.Саид Бин Зейд Ибн Амр мен Хаз.Фатима Бинт Әл Хаттабқа Құран
Кәрімді үйренкені белгілі.
Ӛмір бойы надандықпен шайқасқан Бәдиуззаман жазған еңбектерінің кӛп жерінде
үйлердің оқитын орындарға айналдырылғанын қалаған және үйде тұрақты түрде отбасы
мүшелерімен бірге кітап оқуды ұсынған.
Олай болса, үйімізде кітап оқып, ғылым жолында үй ішілік бағдарламалар жасап,
оқуға күш салуымыз керек. Балаларын жетілдіріп, ертеңге дайындауды ойлаған ата−ана
осыған мән беруі тиіс. Үйде оқуды әдетке айналдыру балаларға сыйланатын ең жақсы мұра
болады.
Кітап оқу тек кӛзі кӛретіндерге тән нәрсе ме?
Оқуға деген құмарлық адамды ақиқата апаратын маңызды жағдай, бұл жағдай кӛзден
гӛрі ықыласты жүректі талап етеді. Мына оқиға осының айқын мысалы болады:
«Үйден асығып шықтым. Жүгіре басып метро станциясына қарай бара жатып, бір
жағынан балаларға беретін сабағымның бағдарламасын жасап, бір жағынан жауған
жаңбырға су болмау үшін шатырлардың астымен жүруге тырыстым. Метро станциясына
түстім.
Станцияда менімен бір бағытта бара жатқан бірінің қолындағы таяқтан «тақ, тақ»
деген дауыс менің ойымды бӛлді. Ол да асығыс сияқты. Арқасында үлкен сӛмке, қолында
таяғы, жылдам басып келе жатыр. Мұқият қараған кезде бұл кісінің бір әйел адам екенін
және кӛзінің кӛрмейтінін аңғардым. Ішімнен «Бұл қайда асығады?» деп ойладым. Жалғыз
келе жатса да жүрісі оның ӛзіне сенімді адам екенін байқататын. Асығыс бір шаруасы бар
ма екен?
Бір сәтке бар нәрсені ұмыттым. Оның таяғымен оң, солын түртіп кӛріп, кедергілерді
байқауы, ӛзіне жол ашуы бәлкім ӛмір сүруге деген табандылығының кӛрінісі еді.
112
Баспалдаққа жақындадық. «Баспалдақтан түсерде кӛмектессем бе екен?» деп ойлап
тұрғанымда ол ӛзі түсе бастады. Алдында ешқанда кедергі жоқтай еді. Таяғының ұшында
оған бағыт беріп тұратын бір нәрсе бар ма, әлде бұл әйел әзілдеп жүр ме? Осылай ойланып
тұрғанымда пойыздың келгенін аңғардым.
Таңданыспен әлгі әйелдің мінген вагонына міндім. Орындыққа жақсылап
орналасқаннан кейін таяғын тез жинап, сӛмкесінің алдыңғы қалтасына салды. Сӛмкесінен
жейтін бір нәрсе алар ма екен де ойладым, іштей оны аяп тұрдым. Дүниені қалайша кӛрігісі
келетінін кім білсін, ағаштар, үйлер, кӛліктер, адамдар, кӛздер... Кӛретін қаншама нәрселер
бар ғой...
Сол сәтте мен ӛзімді айрықша сезіндім. Кӛз дүниеге ашылған бір терезе, мен оның
қадірін онша білмеймін. Әйелдің сӛмкесінен алған қалың кітапты кӛзім шалған кезде ойым
шашырап кетті. Кӛзі кӛрмейтін адам кітап беттерін саусағының ұшымен іздестіріп,
іздестіріп, бір жерге тоқтады. Іздеген бетін тапқан сияқты. Дереу оң қолының
саусақтарымен бедерлердің үстімен жүгірте бастады.
Кітап оқи бастады... Бірақ, ол кӛрмейді ғой?... Таңданып отырып қалдым... Кітап оқу
тек кӛзі кӛретіндерге тән нәрсе емес пе? Түсіндім... Ол кӛздерімен емес, жүрегімен,
сезімдерімен, рухымен оқыған еді... Мен ӛзімнен ұялдым. Бірнеше айдан бері сӛмкеме
салып алып, үш−тӛрт ақ беті оқылған кітабым түсті есіме. Жылдар бойы мүлдем кітап
оқымаған адамдар... Әттең, олар да адамды ойландыратын, тіпті ұялтатын мына кӛрініске
куә болғанда ғой.
Әлемде миллиондаған адам бар... Ал, оқу ше? Неге мен? Бірден терең ойдан
айықтым. Бір бетін оқып бітіріп, екінші бетіне ӛтті. Саусақтарын парақтың бетінде
зырылдата жүгіртуінен бұл іске әбден машықталғаны байқалады. Демек, жақсы бір
оқырман. Алайда, не оқи алады? Мыңдаған кітап, газет, журналдардың кӛзі кӛрмейтіндер
үшін күндік, апталық болып шығуы мүмкін емес қой...
Хабарландырудан түсетін аялдамама келгенімді түсіндім. Тӛрт−ақ минут ӛткен еді,
осындай аз уақыттың ішінде де оқу ӛте маңызды еді. Маған осындай сабақ берген әйел
кітабын сӛмкесіне салып, түсуге дайындалды. Алдымен оның түскенін күттім. Таяғымен
соншама адамның арасынан «тақ, тақ, тақ» деген дауыспен кетіп бара жатты. Артынан біраз
қарап тұрдым. Таяқтан шыққан сол тақ, тақ деген дауыстар менің миымда «оқы, оқы, оқы
және шүкіршілік ет» деп жаңғырып тұрды...»
223
223
Еркан Т
ү
рко
ғ
лу, «Д
ӛ
рт дакика ичин биле олса окуябилмек», Китаба ве окумая даир 53-56, Ышык
йайынлары, Измир, 2005
113
Достарыңызбен бөлісу: |