108
Сегіз жылдық қысқа уақыт сұлтандық құрғанына қарамастан кӛптеген жеңістерге
қол жеткізген Сұлтан Явуз Селим Мысыр жорығына шыққан кезде ӛзімен бірге үш
жануарға кітап артып алып жүрген. Шахзада кезінде күніне тек үш
сағат қана ұйықтап,
күнінің шамамен сегіз сағатқа жуығын кітап оқуға бӛлген.
63 жасында қайтыс болған атақты Ислам ғалымы Фахреддин Әр Рази артында 200
еңбек қалдырған. Оның тәпсірге қатысты жазған еңбегі 12 мың беттен тұрады. Ол бала
кезінен бастап күніне 15-20 бет жазған болса керек. Кӛбінесе дастарханға отырғанда бір
жағынан тамақ жеп, бір жағынан кітап оқитын болған.
Мезхеп имамымыз Имам Азам Хазірет Құран Кәрімнен
және пайғамбарымыздың
сүннетінен 500 мың мәселенің үкімін шығарып, 4 мың пәтуә айтқан
218
. Әрине, осыншама
еңбекті
жазу тек оқумен, оқығанын бағаландырумен іске асса керек.
Мәулана Жалаладдин Руми күндіз−түні оқып, ілім үйренетін. Ол кӛптеген ғасырлар
бойы басқаларға ӛзінің нұрын тӛгіп келеді.
Мәшһүр тәпсір ғалымы Сейіт Кутуб күніне шамамен он сағаттай оқыған. Ол ӛзі «Бұл
парақтардың иесі ӛмірінің қырық жылын оқумен ӛткізген адам» дейтін.
Бұл мысалдар мәдениетіміз бен ӛркениетіміздің қандай құрылымға негізделгенін
және де біздің не істеу керектігімізге жол кӛрсететін ғибрат үлгілері болып табылады.
Ӛздерін мақтан тұтатын ата−бабаларымыз әрдайым кітап оқумен айналысқан,
сол арқылы
есімдерін тарих беттеріне алтын әріптермен жаздырған.
Ендігі кезек бізде. Біз де кӛп оқып, қадірлі отанымызды лайықты орынға шығарып,
ӛз ӛркениетімізді бүкіл адамзат баласына екі дүниенің бақытына жетудің үлгісі ретінде
ұсынуымыз керек. Әйтпесе, қанша жылдар ӛтсе де сол орынымызда қалып қойып,
жамандыққа қарай қадам басамыз. Бұл ақиқатты атақты ойшылымыз Жемил Мерич былай
түсіндіреді:
«Ӛзін топқа айналдырған ұлт тұрақты бола алмайды. Бар қайғысы ақша болған топ
ӛмір сүре алмайды. Кітапқа жұмсаған ақшаны аттарға жұмсаған ақшамызбен салыстырсақ
ұялып қалмаймыз ба? Кітапты жақсы кӛретін адамды
кітапқа берілген жынды дейміз,
ешкімді атқа берілген жынды демейміз. Кітаптың себебінен жамандыққа кезіккен адамды
кӛргеміз жоқ, ал аттың құйрығында зиян шеккендер қаншама? Ең жақсы кітап теңіз
балығының бағасындай. Ал, оны алатын адам қайда? Кӛп
адамдар кітапты арзан
болғандықтан алмайды. Кітаптың негізгі құны оны оқуда, тануда екенін ойламайды да»
219
.
Достарыңызбен бөлісу: