Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ғылым жолындағы Муаз Бин Жебел қайтыс боларында не айтқан?



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Ғылым жолындағы Муаз Бин Жебел қайтыс боларында не айтқан? 
Хаз.Муаз Бин Жебел (радиаллаһу анх) қайтыс болатын күні түнде «Қараңдаршы, таң 
атты ма?» деп сұраған. Қасындағы сахабалар сыртқа шығып келіп: «Жоқ, таң атпапты» 
деген. Біраздан кейін қайтадан «Қараңдаршы, таң атты ма?» деген. Олар қарап: «Жоқ» 
дейді. Үшінші рет сұрағанда қасындағылар қарап: «Иә, таң атыпты» деп жауап береді. 
Сонда Муаз Бин Жебел былай деген: 
«Таңды отқа апаратын түннен Аллаһқа сыйынамын. Сәлем, ӛлім! Аллаһым, мен 
сенен қорқатынмын, ал қазір сені қалаймын. Аллаһым, сен ӛте жақсы білесің, мен ӛзендер 
ағызу (каналдар ашу), ағаштар егу үшін дүниеде қалуды қаламаймын. Мен тал түсте, ең 
аптап ыстықта шӛлге шыдайын, ғылым мәжілістерінде ғалымдармен бірге отырайын деп 
ӛмір сүргім келген болатын»
213

Әбуд Дерданың ғылымға берілгендігі 
212
Ибн Абдилберр, Жамиу Беянил Илм 1\126 
213
Ә
бу Нуайм, 
Ә
л Хилие 1\239; Ибн Абдилберр, Жамиу Беянил Илм 1\51 


106 
Әбу Дерда (радиаллаһу анх) айтады: «Үш мінез болмағанда дүниеде қалуды қаламас 
едім: 
1.
Маңдайымды жерге қойып, күнде Раббыма сәжде жасау. 
2.
Күннің ыстық кезінде ораза тұтып, шӛлге шыдау. 
3.
Жемістің жақсысын таңдаған секілді сӛздердің жақсысын таңдап сӛйлейтін адамдармен бірге 
отыру»
214

Бұл екі мысал бізге сахабалардың ғылымға қаншалықты кӛңіл бӛлетінін айқын 
кӛрсетеді. Мұндай ғылыми санаға қиын да болса қол жеткізуге болады. М.Фетхуллаһ Гүлен 
Хожаефенди бұл санаға қол жеткізу үшін мына мәселелерге назар аударады: 
«... Сахабалардың ӛмірлері туралы кітаптарды кӛп оқу және оқығандарын жүзеге 
асыру. Бұл жағдай біздің сахабалық санаға қол жеткізуде біздерге жол кӛрсетеді. Ӛйткені, 
олар үлгі−ӛрнек болып табылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
сахабаларды кӛктегі жұлдырға теңеп, «Қайсысының атмосферасына енсеңдер де маған 
жетесіңдер»
215
деп кӛрсетіп, олардың бір тура жолдың шырағы екенін айтқан. 
Сахабалардың сабырлылығы, қалтқысық қамқорлығы, дерті, қиындығы, азабы және 
осылардың барлығын меңгермейінше олар сияқты болу, олар сияқты әрекет жасау мүмкін 
емес.
Қаласаңыз, бір Абдуллаһ Бин Жахш, Сад Ибн Реби, Икриме Бин Еби Жехил немесе 
кӛкесі Ибн Хишаммен ойша байланыс жасап, олардың адамдық нормалардан асып түсетін 
иманы мен әрекеттерінен мен айтқым келген жағдайлардың барлығын кӛре аласыз. Мен 
ойлаймын, ішіңізбен «Әттең, мен де бір Мусаб, Ибн Жахш, Хамза, Икриме, Ибн Хишам 
болсам ғой» дейсіз.
Олардың біразының тозақтың жағасында жүріп, ӛмірінің соңғы сәтінде «бисмилләһ, 
иа Аллаһ» деп бірнеше минутқа мұсылмандыққа кіріп, бір деммен жұмақтың биігіне 
жеткенін кӛргенде таңданып, солардың бірі болуды қалайсыз. Менің ойымша, бұлардың 
барлығы сізде де сахабалық сананы орнатып, бұл сезімдер сіздерді әрдайым толқытады»
216



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет