Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

4.
 
Оқу − үйренудің ең оңай жолы 
«Кітаптар – үнсіз мұғалімдер» дейді танымал бір ойшыл. Негізінде әр кітап бір 
мұғалім, мұғалім секілді бізге білімді үйретеді. Бұрыннан бері барлық ғалымдар оқудың 
адам үшін ең оңай және ең ықпалды үйрену жолы екенін айтып келеді. Олар алған 
білімдерінің басым кӛпшілігіне оқумен қол жеткізген.
Елімізде жыл сайын ӛтетін әртүрлі емтихандарда табысқа қол жеткізген 
оқушылардың түсіндірмелеріне қарағанда олардың ӛмірінде кітап оқудың маңызды орын 
алғанын байқаймыз. Ӛйткені, мамандар кітап оқудың емтихандарда жетістікке жетуге 
маңызды үлесі болатынын айтады.
209
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Инанжын г
ӛ
лгесинде, 2\203-204, Нил Йайынлары, Измир, 2002. 


103 
Иә, үйренудің ең оңай жолы оқу. Кітап жазушылар жылдар бойы тер тӛгіп, 
жинағандарын бір кітап түрінде алдымызға дайындап береді. Ойлап қараңыз, бір адамның 
он жыл жинаған нәрсесіне сіз бір күнде қол жеткізе аласыз. Бұдан асқан пайда бар ма?
Әрине, жоқ. Ӛйткені, білім − біздер үшін ӛмірді үйренуіміз, идеяларымызды ӛмірге 
енгізуіміз және болашаққа нық қадамдармен жүруіміз үшін бәрімізге қажет негізгі 
қажеттілік. Жаңашыл, мәдени, жаңашыл ӛркениеттің деңгейіне жетудің жолы оқып 
үйренуден ӛтеді. 
5.
 
Оқымаған адам ширақтығын сақтай алмайды 
Әрбір адам ӛмірінің кейбір кездерінде әлсіздік кезеңдерді бастан кешіруі мүмкін. 
Алайда, әрдайым ширақ болу әр мүміннің негізгі мақсаттарының бірі. Ӛйткені, ширақтығын 
сақтай алмаған адамның сусыз қалған ағаш секілді уақыт ӛте келе шіруі мүмкін. Ӛмірдің 
қай кезеңінде болса да адамның бір нәрселер ӛндіруі, әрдайым қимылда болуы болса оның 
оқуымен тікелей байланысты. Әрдайым қозғалыста, ұмтылыста болу кітап оқумен жүзеге 
асады.
Әрбір мүмін ӛзінің қызулығын сақтау үшін оқуы керек. Бұл тұрақты түрде жүзеге 
асырылуы керек. Тіпті, бір кӛзқарастағы адамдардың бір жерде отырып оқып, пікір 
таластыруы пайдалы болады. Осылайша, әрдайым оқып, жаңарып отырған, иманын 
нығайтқан адамдар бұл тұрғыдан мықты болады.
М.Фетхуллах Гүлен мұны қалай кӛрсетеді: 
«... Күнде жарты сағат болса да иманды жаңартуға себеп болатын кітаптар оқу мен 
үшін ӛте маңызды. Ӛйткені, заманымызға нұрын шашқан ұлы адамдар тарапынан жазылған 
мұндай еңбектер адамның санасында ықпал пайда етіп, оны ӛзіне шақырады»
210

Сондықтан да жақсы кітап адамды метафизикалық күшеюге, метафизикалық күшею 
болса адамды әрдайым қозғалыста ұстайтын кітаптарды оқуға тартады. Осылайша, 
сеніммен күшейген рухтар ӛмірдің әртүрлі қиындығына қарсы дайын тұрады. Бір жарықтың 
кӛзі секілді ӛздері де жарық болады, басқаларды да нұрландырады.
Бір мүмін Исламға, иманға және Құранға қатысты мәселелерді меңгергенін айтып, 
бірақ ұрпағына бұл ақиқаттарды жеткізе білмесе оны шыншыл деу қиын. Онда не істейміз? 
Тағы да Хожаефендиге құлақ салайық: 
«Қандай ӛкінішті, ұлы іске кӛңіл бӛлген мүміндердің кӛпшілігі пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм), халифалардың (радиаллаһу анхум) ӛміріне қатысты ештеңе 
білмеумен қатар, діннің негізгі пәлсапасынан да хабарсыз. Білмегендіктен де сол ұлы 
тұлғалардың ӛмірлері мен құнды сӛздерінен хабарсыз. Ақыл мен қисын шеңберінде нақты 
210
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Призма 4\159, Нил Йайынлары, Истамбул, 2004 


104 
ғылымдардан да пайдаланып түсіндіруге мүмкіндіктері бола тұра Аллаһты, пайғамбарды, 
Кітапты және ақыретті де толық түсіндіре алмайды.
Олар заманауи ғылымдардың енді ғана ашып жатқан ғылыми ақиқатынан Құран 
Кәрімнің арқасында белгілі мӛлшерде хабардар болса да, оларды керегінше пайдалана 
алмауда. Капитан Кусто Жебели Тарык бұғазында Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің 
суларының бір−бірімен араласпайтынын анықтап, мұны үлкен жаңалық етіп ашқанында 
оның ниеті қандай болса да бәрімізде бір таңданыс сезімін тудырды. Ӛйткені, ол біздің 
кітабымыздың бір бӛлімін айтқан еді: «Екі теңізді бір−біріне қауышу үшін жібердім. 
Араларында бір кедергі бар, олар бір−бірімен араласпайды». Біз бұларды басқалардың 
айтқанынан үйренуіміз керек па еді? Құранда бұл сияқты кӛптеген ғылыми ақиқаттар бар 
болатын, бірақ ӛкінішке орай мұсылмандар олардан хабарсыз болатын.
Міне, барлық осы себептерге байланысты ӛз құндылықтарын білмейтін мұсылман 
ұрпақтарға міндетті түрде кітап оқу арқылы мұсылмандықты түсіну және түсіндіру қабілеті 
сіңірілуі қажет. Аз да болса ар−намысы бар мүмін адам басқа адамдардың ӛз қате 
түсініктері мен күпірліктерін түсіндіргені секілді әр тақырыпты ақыл мен қисынға 
сүйенетін, тап−таза, тура және кӛңілдерге шаттық сыйлайтын иман негіздерімізді 
басқаларға түсіндіре білуі үшін оқуы және оқытуы керек. Ол (иншаллаһ) «қолыма алған әр 
адамымды сезімім мен түсінігімнің бағытымен оның басына ғылым, жүрегіне иман 
орналастыру арқылы әрі оның жұмаққа баруына себеп боламын, әрі ӛзім де құтқарыламын» 
деген секілді сезім мен түсінікті іске қосатын кітаптарды жұмаққа апаратын баспалдықтың 
сатысы деп қабылдап, кӛп оқып, оқығандарын басқаларға түсіндіруге тырысады.
Оқу осыншалықты маңызды болса мүмін сонда да оқып, ойланбай, оқып 
түсінгендерге қолдау кӛрсетпесе оның діни құндылықтарға деген қатысы да сондай деген 
сӛз. Яғни, Аллаһтың, Құранның, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) және 
Оның сахабаларының (радиаллаһу анхум) түсіндіріліп−түсіндірілмеуі ол үшін бірдей нәрсе. 
Мүмін бүкіл әлемдерді және ӛзін жоқтан жаратқан Хаз.Аллаһ (жәллә жәләлуһ) туралы бір 
адамды ақылмен сендіретіндей мәліметке ие болмаса және Раббыны түсіндіре алмаса ол 
ӛз−ӛзіне «жағдайың қандай жаман» деуі керек»
211



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет