100
алдырады. Байлықтың ықпалы байлық бар кезде. Байлық қолдан кеткенде әсері де
қалмайды. Қаншама дәулет жинағандар бар, тірі жүргені болмаса ӛлікпен тең. Білгірлер
болса қияметке дейін ӛмір сүреді, денелері жоқ болса да еңбектері халықтың кӛңілінде.
Содан соң Хаз.Али (радиаллаһу анх) жүрегін кӛрсетіп, былай деген:
«Қара, міне мына жерде ғылым бар! Ех, сол ғылымды кӛтеріп жүре алатындарға бір
кезіксем ғой! Жо−жоқ! Тез ұғатын, зерек адамға кезіктім, бірақ ол сенімді емес еді, дінді
дүниенің құралы етеді, Аллаһтың дәлелдерін Аллаһтың кітабына қарсы, Аллаһтың
нығметтерін құлдарының зарарына қолданады! Ақиқаттың соңынан еретін біреуді таптым,
бірақ ол да ақиқатты кӛрсететін кӛрегендіктен ада, сәл ғана қылаң берген күмәнге жүрегі
күмәнге салынады. Бұл да, анау да іске жарамайды!... Бір (зерек) адам бар, дүние−мүлікке
беріліп, ӛз еркін дүниеқұмарлықтың қолына бере салған.
Тағы бірі бар, дүние−мүлік жинаумен алданған. Бұлар діннің жол кӛрсетушілері,
дінге шақыратын адамдардан емес. Бұларға кӛбіне ӛрісте жайылып жүрген малдар ұқсайды.
Міне, ғылым сол адамның ӛлуімен ӛледі. Иә, жер беті Аллаһ үшін, Аллаһтың дәлелдерін
сақтаушылардан құр болмайды. Олардың саны аз болғанмен Аллаһ құзырында мәртебелері
ӛте жоғары. Аллаһ солар арқылы дәлелдерін қорғайды. Аллаһтың дәлелдерін ӛздері секілді
адамғарға жеткізеді, кӛңілдеріне себеді. Ғылым осылар арқылы істің ақиқатына жетеді,
дүниеқұмарлыққа берілгендердің қиналып шеше алмаған мәселелерін осылар жеңілдетеді.
Надандар қорыққан нәрселермен айрылмас дос болады. Денелері бұ дүниеде болғанмен
рухтары ұлылықтарды кӛреді. Аллаһтың елдерінде Аллаһтың халифалары, дініне
шақырушылар міне, осылар! Ех! Соларды кӛре алсам ғой! Аллаһтан ӛзім және сен үшін
кешірім тілеймін. Қаласаң, тұр кетейік!...»
207
Достарыңызбен бөлісу: