Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет61/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

1.
 
Құран Кәрім оқуға үлкен мән береді 
Құран Кәрімде оқуға қатысты кездесетін сӛздерді зерттедік. Сонда мынадай 
қорытынды шықты. Құранда оқу мағынасына келетін «қыраат» сӛзі мен оның 
туындыларынан 87, жазу мағынасын беретін үш түрлі сӛзден 336, «ғылым» сӛзі мен 
туындыларынан 780, «хикмет (даналық)» сӛзі мен туындыларынан 117, «тефеккүр» сӛзі мен 
туындыларынан 18, «ақл» сӛзі мен туындыларынан 49 сӛз кездеседі екен.
Бұл ӛте қызықты жағдай. Бұл сӛздерден Раббымыздың оқуға баса мән беретінін 
айқын аңғаруға болады.
Бәріміз білетін Құранның алғашқы бұйрығының «оқы!» болуымен қатар Қалам деп 
аталатын және «Нунға» (сиялы сауыт мағынасына келетіні туралы да айтылған) қалам мен 
жазуға ант етумен басталатын сүренің де бар екендігі ғылымның маңызын арттыра түседі. 
Ӛйткені, Құранда ант етумен берілетін нәрселердің еркшеліктерінің бірі қадір−құрметін 
кӛрсету үшін қолданылуында.
Енді оқудың мәні туралы таңдап алған аяттарымызды оқиық: 
1.
«Аллаһ даналықты қалағанына береді, кімге даналық берілген болса, күмәнсіз оған кӛп нәрсе 
берілген деген сӛз. Бұдан тек ақылдылар ғана ғибрат алады»
184

2.
«(Ей, Мұхаммед) айт: Білгендер мен білмегендер тең бола ма?»
185
3.
«Аллаһтың құлдарының арасында Одан (шынымен) қорқатындар − тек ғалымдар»
186

4.
«(...) Аллаһ ішімізден сенгендерімізді және ӛздеріне ғылым берілгендерді дәрежелермен 
кӛтерсін. Аллаһ істеген істеріңнен хабардар»
187

5.
«Әр ғылым иесінен асқан бір ғалым болады»
188

183
Жемил Мерич, Бу 
ү
лке 111-113-б. 
184
Ба
қ
ара,2\269 
185
З
ү
мер, 39\9 
186
Фатыр, 35\28 
187
М
ү
жадиле, 58\11 


97 
6.
«(Ей, Мұхаммед!) Айт: Раббым! Ғылымымды арттыр»
189

7.
«Мұса ержетіп, жетілгенде Біз Оған хикмет (даналық) пен ғылым бердік. Біз жақсылық 
жасағандарды міне осылай сыйға бӛлейміз»
190

8.
«(Күмәнға кішкентай да орын жоқ) Ол (Құран) − ӛздеріне ғылым нәсіп етілгендердің 
жүректерін нұрландыратын жарқын аяттар. Иә, Біздің аяттарымызды залымдардан басқа 
ешкім теріске шығармайды»
191

9.
«Сонымен қатар мүміндердің бәрінің топтасып жорыққа шығуы дұрыс емес. Олай болса, әр 
қауымның үлкен бӛлігі соғысқа шықса бірқатары дін мәселесінде білім алып, дін үкімдерін 
үйренуге тырысуы керек және соғысқа шыққандар кері оралғанда жамандықтардан 
сақтануды оларға ескерту керек»
192

10.
«Тәураттың хабарын жеткізу және оны жүзеге асыру жауапкершілігін қабылдай тұра бұл 
жауапкершілікті орындамағандар томдаған кітаптар арқалаған мініс жануарға ұқсайды. 
Аллаһтың аяттарын жалған санаған адамдардың түскен жағдайлары қандай жаман десеңші! 
Аллаһ мұндай залым топтарды жақсылыққа жеткізбейді»
193

11.
«Айт: «Қаласаңдар сеніңдер оған, қаласаңдар сенбеңдер. Мына нәрсе ақиқат, бұрын 
ӛздеріне ғылым берілгендерге Құран оқылғанда олар дереу сәждеге барады»
194
.
12.
«Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне куәгер − Аллаһтың ӛзі. Барлық періштелер, әділдіктен 
таймаған ғылым адамдары да бұл ақиқатқа Азиз және Хаким Аллаһтан басқа тәңір 
жоқтығына куәгер»
195



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет