Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

11.
 
Білім алу әдебі 
Мүмін адам − ғылым аулаушы. Ӛйткені, ғылым үйрену − пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сӛзімен айтқанда парыз
175
. Дініміз алғаш түскен аяттың 
берген хабары бағытында оқып, білім алуға ерекше мән берген. Білімді болуға қатысты 
пайғамбарымыздың мына сӛздері назар аударады: «Даналық пен ғылым мүміннің жоғалтып 
алған мүлкі, оны қайдан тапса алады»
176
. «Ғылым Қытайда (Қытай секілді алыс жерде) 
болса да алыңдар»
177

Раббымыз Құран Кәрімде «(Ей, Мұхаммед!) Айт: білгендер мен білмегендер тең бола 
ма? Шындығында тек ақылдылар ғана мұны дұрыс түсінеді»
178
деп, білімді адамдарды 
басқа адамдардан бӛлек ұстап, олардың орнының бӛлек екенін білдірген. 
Бұл аяттың беретін хабарын қолдайтын пайғамбарымыздың бір хадисінде екі 
нәрсенің қызғануға тұрарлық екенін, олардың бірінің Аллаһ ӛзіне мал−мүлік беріп, ол 
175
Ибн Маже, Мукаддиме, 17 
176
Тирмизи, Илим, 19 
177
М
ү
нави, Фейзул Кадир, 1\542 
178
З
ү
мер, 39\9 


92 
мүлікті Аллаһ жолында жұмсаған адам, ал екіншісі ғылым беріліп, сол білім бойынша үкім 
беруі және басқаға да сол ғылымын үйрету нәсіп болған адам екенін айтқан
179

Иә, әрбір мүмін тәлім-тәрбие мәселесінде талаптанады, әрдайым оқып, білімін 
жетілдіреді, оны ӛмірінде қолданады, сонымен қатар үйренгендерін басқалармен де 
бӛліседі. 
Мұның да әрине білуіміз тиісті негіздері бар: 
1.
Білім алу ата−ананың қинауымен болады деп ойламау 
2.
Үлгермеушіліктен алғашқы кезде қорықпау керек 
3.
Сабаққа талаптанып бару 
4.
Мұғалімді мұқият тыңдау 
5.
Түсінбеген жерді міндетті түрде сұрау 
6.
Үлгерімді оқушылармен оның сыры туралы кеңесу 
7.
Әрдайым бәр жүйемен, ретпен жұмыс істеу 
8.
Сабақ оқитын лайықты орын таңдау 
9.
Қолдан келгенінше табандылық таныту 
10.
Сабақты толық түсінбей, басқа тақырыпқа ӛтпеу 
11.
Үйренген нәрселерін тәжірибеде қолдану 
12.
Үйренуден суытатын, ғылымға дұшпан ететін адамдармен байланысты үзу 
13.
Үйретушіге құрмет кӛрсетіп, бағыну 
Адамдарға білім беруде кӛпір міндетін атқаратын мұғалімдердің назар аударатын 
қағидалары: 
1.
Ӛз саласында ең жоғары деңгейде білімді болу, жаңалықтарды бақылау, дайындықсыз 
сабаққа кірмеу 
2.
Тақырыпты оқушы түсінетіндей деңгейге түсіріп түсіндіру, мәселені қиын етіп кӛрсетпеу 
3.
Мінезімен, әрекеттерімен және сӛздерімен оқушыларына үлгі болу, олардың алдында қадірлі 
болу. «Құрмет талап етілмейді, кӛрсетіледі». Оқушыларын жиі айыптайтын, олардан құрмет 
күткен және осыны қамтамасыз ету үшін қысым қолданған мұғалімдер ең ұнамсыз 
мұғалімдер болып табылады. 
4.
Мұғалім ӛз мамандығын жақсы кӛруі керек, білетінін ең жақсы түрде түсіндіруге тырысу 
керек. 
5.
Мұғалім оқушыларына ата−аналық мейіріммен қарап, озаттарды асыра мақтап, жалқауларды 
кемсітпеуі керек. 
179
Б
ұ
хари, Илим 15 


93 
6.
Оқушылардың әр кемшілігін жолдастарының алдында айтып, оларды кемсітпеу, кешірімді, 
кішіпейіл болу. 
7.
Керек кезінде оқушылардың мәселелерімен айналысу, оларды тыңдау, қайғыларына 
ортақтасу. Алайда, мұны жасаған кезде ғылымның қадірін түсірмеу 
8.
Бағаны қорқыту құралы етіп қолданбау, баға қойғанда адал болу 
9.
Бай дастарханнан, киімдерден, бағалы сыйлықтардан аулақ тұру, қадір−қасиетін сақтау
180



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет