Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Үй иесінің назар аударатын нәрселері



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Үй иесінің назар аударатын нәрселері 
1.
Қонақ келгенде ӛзі күтіп алып, ӛзі шығарып салу 
2.
Жылы жүзді болу, үсті−басын реттеу 
3.
Жақсы киіммен қарсы алу (іш кӛйлек, шолақ шалбарбен қарсы алмау) 
4.
Қонақ қабылдайтын жер таза, жинаулы болуы керек (қонақ бӛлмесі, ас үй, әжетхана, ванна) 
5.
Үйдің мүшелері келген қонаққа «Қош келдіңіз!» т.б. сӛздермен қонақтың келгеніне 
қуанғандығын білдіруі керек. 
6.
Қонақты жалғыз қалдырмау керек немесе мазасын алмау керек 
7.
Қонаққа тағамдар ұсыну. Не берілсе де бір үстелдің немесе лайықты нәрсенің үстіне қойылуы 
керек.
8.
Қонаққа кӛңіл бӛлу. Бір мұқтаждығының бар−жоқтығын сұрау, қажеттіліктерін ӛтеу 
9.
Қонақтың алдында біреуді жазғырмау, ӛсектемеу 
10.
Қонақтың үстінде костюм, пальто бар болса, алып ілу 
11.
Қонаққа үйде киетін аяқ киім ұсыну 
12.
Қонақты лайықты бӛлмеге, еркін болатын бӛлмеге кіргізу 
13.
Қонақ біздің емес, бізден үлкен адамның қонағы болса, қажет болса қасында болуымыз 
керек. Жеке бір іс сӛйлесуі мүмкін екенін есепке алуымыз керек 
14.
Үй иесінен кӛп басқа қонақпен сӛйлеспеу 
15.
Ол кездегі жағдайымыз қиын болса да мұны келген қонаққа білдірмеу керек, ол ӛзін 
жақтырмай отыр деп ойлап қалмасын 
16.
Қонақты бір бӛлмеге кіргізіп, қасында бола алмайтын болсақ, оған кӛңіл бӛлетін біреу 
болуы керек. Қонақты жалғыз тастап кету дұрыс емес 


89 
17.
Егер алыстан келсе еш сұрамастан дастархан жаю керек, жалғыз болса қасына серік болу 
керек 
18.
Онымен бірге отырғанда сағатқа жиі қарамау керек, «Тез кет» деген мағынаны беруі мүмкін 
19.
Оның қасында жасырын сӛйлеспеу және күлмеу 
20.
Қонақ отырған жердің есігінен басқалардың бас сұғып қарауы дұрыс емес. Есікті мүлдем 
ашпау керек не болмаса кіріп жағдай сұрау керек. Уақыты шектеулі болса рұқсат сұрап 
шығу керек 
21.
Қонақ кетерде киімін әперіп, келгеніне қуанышты екенін білдіру 
22.
Есіктен шығып кеткенше есіктің алдында қарап тұру, ол шыға сала есікті жаппау керек 
23.
Егер қонақ түгеуге қалатын болса жататын орын дайындап, тӛсек жабдықтары таза болуы 
керек, жатарда киетін киім, сүлгі беру керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет