87
5.
Шақырған адамға «Не дейсіз?» деген сияқты сыпайы сӛздермен жауап беру
6.
Адамның мазасын қашыратындай түрде сӛйлемеу (қатаң, тым бәсең дауыспен)
7.
Біреуді мақтаған және сынаған кезде асыра сілтемеу
8.
Керек болмаса сӛйлемеу
9.
Ғайбат жасамау, сӛз тасымау. Әдепсіз сӛздерден сақтану
10.
Бір нәрсе сұрағанда білетін болсақ қысқа және нақты жауап беру,
егер білмесек
болжамдармен жауап бермеу
11.
Басқалардың сӛйлеуіне де жол беру. Басқалардың бізді тыңдағанын қаласақ, алдымен ӛзіміз
тыңдап үйренуіміз керек.
12.
Сӛзіміздің әсерлі болуы сӛйлеген адамның сенімді түрде айтуына, шынайылығына және
оны тыңдаушыларға сездіре білуіне байланысты. Ӛйткені, ӛзіміз сенбей тұрған сӛзге
басқаны сендіру мүмкін емес
9.
Қонақ күту әдебі
Адамдар арасында бір−бірін жақынырақ тануға, мәселелерді бӛлісуге, бауырластық
бауының күшейтуге кӛмектесетін маңызды себептердің бірі – адамдардың бір−біріне
барулары. Сондықтан да дініміз мұсылмандардың бір−біріне барып,
жағдай сұрасуларына
үлкен мән берген. Пайғамбарымыз бір хадисінде Аллаһ үшін бір науқастың немесе бір
мұсылманның кӛңілін сұрап барған адам ӛзінің жұмақтағы орнын дайындайтынын
хабарлаған
166
.
Мүмін адам ата−анасы мен туыстарынан бастап барлық ұнатқан адамдарына барып,
оларды қиын және қуанышты күндерде жалғыз қалдырмауы керек. Мұны дінімізде сыла−ы
рахим деп атайды. Бұл туыстардың кӛңілін сұрау деген мағынаны береді. Ӛкінішке орай,
қазіргі кезде бұл ұмытылып бара жатыр. Жаңа ӛсіп келе жатқан ұрпақ ата−
әжесінің,
әпке−кӛкелерінің сүйіспеншілігінен алыс ӛсіп жетілуде.
Пайғамбарымыз жұмаққа апаратын іс деп хабарлаған сыла−ы рахим
167
тек туыстарға
барып тұру ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жақсы істерде туыстарды ескеру деген
мағынаны да береді.
Кӛптеген аяттар мен хадистерде сыла−ы
рахимнің намаз, зекет сияқты парыз
ғибадаттардан соң айтылуы оның діндегі мәнін айқын кӛрсетеді. Бұл жерде бір аятты беріп
ӛтейік: «Аллаһқа құрметсіздік кӛрсетуден және туыстық қатынасты үзуден сақтаныңдар.
Аллаһ сендердің үстеріңдегі толық бақылаушы»
168
.
166
Тирмизи, Бирр, 64
167
Б
ұ
хари, Зекат 1
168
Ниса, 4\1
88
Сыла−ы рахимнің бірнеше дәрежесі бар:
1.
Ең тӛменгі дәрежесі туыстарымызға жылы сӛз айтып, жылы қабақ таныту,
кездескен кезде
сәлемдесу, жағдайын сұрау, әрдайым олар туралы жақсы нәрселер ойлау және оларға
жақсылық тілеу.
2.
Оларға барып, кӛңілдерін сұрау, әртүрлі мәселелерде кӛмек кӛрсету. Бұлар негізінде денелік
қызметтер. Әсіресе, қарияларға жиі−жиі барып, істеріне кӛмектесу оларды қуантады.
3.
Туыстарға материалдық кӛмек беру және қолдау кӛрсету.
Иә, біздің міндетіміз
жалпы қағидаларға бағынып, үлкендеріміз мен қалаулы
адамдарымызды мейрам кезінде, басқа да күндерде жиі−жиі барып, кӛңілдерін аулау,
олармен байланысты үзбей, баталарын алу.
Достарыңызбен бөлісу: