Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Тамаққа шақыру мәселесінде пайғамбарымыздың ӛнегелері



Pdf көрінісі
бет50/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Тамаққа шақыру мәселесінде пайғамбарымыздың ӛнегелері 
Құран Кәрімде «Ей, иман келтіргендер! Тамаққа рұқсат берілместен, уақытқа 
қарамастан пайғамбардың үйіне кірмеңдер. Бірақ, шақырылсаңыз кіріңіз. Тамақ жеп болған 
соң дереу тараңдар, тамақтан кейін сұхбатқа беріліп кетпеңдер. Ӛйткені, бұл әрекеттерің 
пайғамбарымыздың мазасын алады, бірақ ол ұялғанынан сендерге ештеңе демейді. Алайда, 
Аллаһ шындықты айтудан тартынбайды»
154
деген үкім бар. Бұл аятта орын алған 
жағдайлардан байқалған екі негізгі элемент бар. Олар: 
1.
Тамаққа шақырылу 
2.
Тамақтан кейін сӛзге кӛп берілмей, кетуге рұқсат сұрау. 
Бұл аят расулуллаһтың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) үйіне бейуақыт кірген және 
тамақ жемей кеткісі келмегендер үшін түскен. Алайда, Ислам ғалымдары үкімнің Ислами 
әдеп ретінде барлық мүміндердің үйлерін қамтитынын айтады. Сондықтан да шақырусыз 
ешкімнің дастарханына бармау керектігі айқын.
153
Б
ұ
хари, Етиме 2; М
ү
слим, Ешрибе 108; Ибн Маже, Етиме 8; Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 4\26 
154
Ахзаб, 33\53 


84 
Хаз.Әбу Шуайб (радиаллаһу анх) бір күні сахабалардың арасынан расулуллаһты 
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм) кӛріп, жүзінен оның аш екенін аңғарады. Дереу қасапшы 
қызметшісіне: 
«Бізге бес адамдық тамақ дайында. Бесінші адам мен. Пайғамбарымызды (саллаллаһу 
алейхи уәссәлләм) тамаққа шақырғым келеді» дейді. Сосын пайғамбарымыздың (саллаллаһу 
алейхи уәссәлләм) жанына жақындап, оны тамаққа шақыратынын жеткізеді. Үйіне бірге 
бара жатқанда арттарынан бір адам ереді. Үйдің алдына барған кезде расулуллаһ 
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм): 
«Мына адам бізге еріп келді. Қаласаң қабылда, қаласаң қайтар» дейді. Әбу Шуайб 
(радиаллаһу анх): 
«Жоқ, оған рұқсат беремін» дейді»
155

Назар салатын болсақ, расулуллаһ (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бұл оқиғада 
Ислами әдепті кӛрсетіп отыр. Мүміндер бір−бірін қонақ етіп күтуден ләззат алатыны 
ақиқат. Алайда, шақыру және рұқсат мәселесі нақты дәлелдермен білдірілген. Осы 
тұрғыдан алып қарағанда хабарсыз келген қонақ үй иесін «Не берсем екен?» дегізіп, оны 
алаңдатуы мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттің рухани қиындыққа айналуы да мүмкін.
Сондай−ақ, мұсылман адам діндес бауырының шақыруын қабыл алады. Осылайша 
араларындағы сүйіспеншілік пен жақындық арта түседі. Бір хадисте былай делінген: 
«Біреудің шақыруын қабыл алыңдар»
156

Біреу шақырған кезде оны қайтару ұнамсыз әрекеттердің қатарына жатады. Қазір 
түсіндіретін хадисіміз де шақырғанда бармаудың және шақырусыз барудың жақсы әрекет 
еместігін кӛрсетеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) былай бұйырады: «Кім 
шақыруды қабылдамаса Аллаһ пен расулына қарсы келген болады. Кімде−кім шақырусыз 
бір дастарханда отыратын болса, ол онда ұры болып кіріп, тонаушы болып шығады»
157



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет