Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ғылымның жолы − жұмақтың жолы



Pdf көрінісі
бет58/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Ғылымның жолы − жұмақтың жолы 
Ӛміріне дұрыс бағыт−бағдар беру және басқаларға Аллаһтың ризалығын кӛздеп 
үйрету үшін білім алған адам Аллаһтың жолында жүрген және Аллаһтың ұнататын ісімен 
айналысатын адам деген сӛз. Кесир Ибн Кайс (радиаллаһу анх) айтады: «Мен Шам 
мешітінде Әбуд Дерданың қасында отырдым. Бір адам келіп: 
«Ей, Әбуд Дерда! Пайғамбарымыздан риуаят еткен хадисің үшін пайғамбарымыздың 
қаласы Мәдина Мүнаууарадан келдім» дейді. Әбуд Дерда адамның шынымен де осы 
мақсатта келгенін білу үшін одан: 

Шамға сауда үшін келген жоқсың ба?− деп сұрайды. Ол адам: 

Жоқ, ондай іс үшін келген жоқпын, − дейді.

Хадис үйренуден басқа нәрсе үшін келген жоқсың, солай ма? 

Сенің риуаят еткен хадисіңді сенен тыңдауға келдім.
Адамның шынымен де Аллаһтың ризалығын кӛздегенін түсінгеннен кейін Әбуд 
Дерда былай деді: 

Мен Аллаһтың пайғамбарынан естідім, ол былай деген еді: «Кімде−кім бір жолға түсіп, одан 
ғылым іздесе Аллаһ ол адам үшін жұмаққа баратын жолды оңайлатады. Періштелер ғылым 
үйренгендерге жасаған істерін ұнатқандықтан қанаттарын кереді. Жердегілер мен 
кӛктегілер, тіпті судағы балықтар ғылым үйренген адамға Аллаһтан жәрдем мен кешірім 
тілейді. Ғылым иесінің ғибадат етушіден үстемдігі айдың басқа жұлдыздардан үстемдігіне 
ұқсайды. Ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар динар да, дирхам да 
мұра етіп қалдырмады, тек ғылым мұрасын қалдырды. Олай болса сол ғылымды алған адам 
үлкен үлес алды деген сӛз»
181

Бұл хадистен мына жағдайларды үйренеміз:
180
Абдулкадир Халит, Адабы муашерет, 126-127-б. 
181
Б
ұ
хари, Илим 10; 
Ә
буд Дауыт, Илим 1; Тирмизи, Илим 19; Ибн Маже, Мукаддиме, 17 


94 
1.
Ғылым үйренуге жұмсалған күш Аллаһ жолына жұмсалған күш болып табылады және ол 
адамды жұмаққа апарады. Анығырақ айтқанда ғылымның жолы − жұмақтың жолы. Бұл 
жолға кірген адамға періштелер кӛмектеседі. Тек періштелер ғана емес, жер мен кӛктегілер 
бұл адам үшін дұға етеді, Аллаһтың оны кешіргенін тілейді. 
2.
Ғалым мен ғибадат етушінің айырмашылығы ай мен жұлдыздың арасындағы айырмащылық 
секілді. Ӛйткені, білімді адам білімімен айналасын нұрландырып, қоғамға, тіпті барлық 
адамзатқа шырақ жағып, жол кӛрсетеді. Ал, ғибадат етуші болса нәпіл құлшылықтары 
мақтауға лайық болса да, оның басқаға пайдасы болмайды. Ғибадаты тек ӛзіне ғана пайда 
әкеледі. Ал, ғылымды таңдаған адам алған білімімен ӛзіне де, айналасына да пайдалы 
болады. 
3.
Ғалымдардың пайғамбарлардың мұрагерлері екендігі туралы айтылады. Пайғамбарлар 
ғылымнан басқа мұра етіп ғылымнан басқа ештеңе қалдырмаған. Ғалымдар ғылым үйрену 
жолын таңдау арқылы пайғамбарлардың мұрагерлері болу секілді құрметке ие болады
182

Тақырыпқа қатысты кейбір әдебиеттер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет