Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Біреудің үйіне барып, кӛңілін сұрау − сүннет



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Біреудің үйіне барып, кӛңілін сұрау − сүннет 
Сахабалардан Хаз.Кайс Бин Садтың айтуы бойынша расулуллаһ (саллаллаһу алейхи 
уәссәлләм) бір күні ӛзіне келіп, үйінде біраз болып, ол үшін дұға етеді. Хаз.Адуллаһ Бин 
Кайс (радиаллаһу анх): «Расулуллаһ (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) әнсарлардың кӛңілін 
біртіндеп үйлеріне барып сұрайтын немесе олардың бәріне кӛңіл бӛлгісі келсе мешітке 
баратын»
170
дейді.
Тағы бір хадисте расулуллаһтың әнсарлардан бір отбасыға барып, үйлерінде тамақ 
жегендігі, намаз оқығаны және оларға дұға еткені туралы айтылады
171

Сахабалардан Хаз.Селман (радиаллаһу анх) Медаиннен Шамға дейін барып, Хаз.Әбуд 
Дерданың кӛңілін сұраған
172
.
Куфадан Мәдинаға ӛзі үшін келген жолдастары мен Хаз.Абдуллаһ Бин Месуд 
(радиаллаһу анх) арасында мынадай әңгіме болған:
Хаз.Абдуллаһ Бин Месуд: «Бірге отырып сӛйлесесіңдер ме?» 
Жолдастары: «Мұны естен шығармаймыз». 
«Бір−біріңе барып тұрасыңдар ма?» 
«Иә, ей, Әбу Абдуррахман, тіпті кейбіреулеріміз мұсылман бауырын біраз уақыт 
кӛрмей қалса сонау Куфаның арғы басына дейін барып, оның жағдайын сұрайды». 
«Сендер осылай жасаған сайын тыныштықта ӛмір сүре бересіңдер»
173

Жоғарыда берілген риуаяттардан пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
мұсылмандардың жиі−жиі барып, кӛңілін сұрап тұрғанын кӛреміз. Сондай−ақ, 
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сахабаларының да жағдайын әрдайым сұрап 
отырған. Оның (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бұл әрекетін кӛрген мұсылмандар да осылай 
жасап, сол кездің тасымал қиындығына қарамастан бір қаладан екіншісіне Аллаһ ризалығы 
үшін барған
174

10.
 
Әңгімелесу (сұхбат) әдебі 
170
И.Кндехлеви, Хадислерле м
ұ
сылманлык, 3\103, 1115 
171
Б
ұ
хари, Едеб 65 
172
Б
ұ
хари, Едеб 65 
173
Кандехлеви, а.г.е., 3\1038 
174
Абдулкадир Халит, Адабы муашерет 37-б. 


91 
Сұхбат – ортақ тілмен сӛйлесіп, сырласу. Бұл жерде жүректер бірдей сезіммен
толқыныспен, бір мәселе тӛңірегінде соғады. Пайғамбарымыз сахабаларын алғашқыда 
Дарул Еркамда жасаған сұхбаттарымен жетілдіріп, оларды болашаққа дайындаған, сосын 
олар осындай сұхбаттарды ӛмірінің соңына дейін жасап отырған.
Әсіресе, қазір біздің сұхбатқа мұқтаждығымыз бар. Олай болса, жиі−жиі 
жолдастарымызбен бірге жиналып, білімді, дана адамдарды шақырып, оларды тыңдаудың 
жолын қарастыруымыз керек. 
Сұхбаттарда мына жағдайларға назар аудару керек: 
1.
Сұхбат басталмастан бұрын оған орын бӛлініп, үстел мен бір стақан су дайындау керек. 
2.
Рухани дайындық жасалуы керек. 
3.
Сұхбат барысында оны бұзатын жағдайлар мен әрекеттерден сақтану керек. Табиғи есінеу
түшкіру сияқты жағдайлар әдеппен жасалуы керек.
4.
Отырысымызға назар аударуымыз керек. 
5.
Егер қажет болса сұхбат біткеннен кейін сұрақ қойылуы керек. 
6.
Сұхбат біткен кезде сұхбатты жасаған адамнан бұрын тұрмау, ортада жүрмеу. 
7.
Сұхбаттан кейін кететін болсақ, рұқсат сұрап шығу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет