Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Қонақтың назар аударуы керек қағидалары



Pdf көрінісі
бет55/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Қонақтың назар аударуы керек қағидалары 
1.
Барған үйіңіздің есігінің алдында есік ашылғанда іштегіні кӛретіндей түрде жақын тұрмау 
2.
Есікті үш рет қағу керек, ашпаса қайта қақпау керек. Пайғамбарымыз «Сендерден бірің үш 
рет рұқсат сұрап, рұқсат берілмесе кері қайтсын»
169
деп бұйырады. Телефонда да осылай. 
3.
Үйге кірерде және шығарда сәлем беру керек. Бос үйге кіргенде де сәлем беріледі. 
4.
Шақырған жерге кешігіп те, ерте де бармау 
5.
Қонаққа барарда таза, лайықты киім кию 
6.
Қонаққа барғанда мүмкіндігі бар болса сыйлықпен бару 
7.
Барған үйінің есігін қағу, үй иесі рұқсат бергеннен кейін үйге кіру 
8.
Қонақ жан−жағына қарай бермеуі керек, ыңғайсыз жағдай туындатпауы керек. Үй иесінің 
рұқсатынсыз басқа бір қонаққа бір нәрсе ұсынбауы керек. Үй иесінің кӛрсеткен жеріне 
отыруы керек. Әжетханаға, жуыну бӛлмесіне бару үшін рұқсат сұру керек 
9.
Әкелген тағамнан кемшілік таппау. Бір кемшілігі бар болса да айтпау 
10.
Қонақ қалаған нәрсесін сұрамау керек, берілгеніне қанағат етуі керек. «Мына нәрсе бар 
ма?» деп белгілі бір тағамды сұрамауы керек. Егер үй иесі бірнеше тағамның атын айтып, 
қайсысын дайындауды сұраса оңайырағын таңдау керек 
11.
Қонаққа баратын үйдің жас, туыстық немесе науқас сияқты жағдайлары назарға алынып
сӛйлескенде абай болу керек. Әсіресе, қарттар мен науқас адамдар ӛздеріне адамдардың 
жиі−жиі және аз уақытқа келгенін қалайды. Сондықтан да ондай адамдарға басқаларға 
қарағанда кӛбірек бару керек 
12.
Діни сенімі, саяси кӛзқарасы басқа болса да үй иесін немесе ол жердегілерді ренжітетіндей 
сӛздер айтпау 
169
Б
ұ
хари, Буйу 9 


90 
13.
Қонақ кӛтеріңкі кӛңілмен, қуанышын білдіретіндей түрде кетуі керек 
14.
Үй иесінің рұқсатынсыз немесе оның хабарынсыз үйден кетпеу 
15.
Үй иесінің бір ісі бар болса, рұқсат сұрап тезірек кету 
16.
Бір себеппен қонаққа бара алмайтын болса міндетті түрде үй иесіне алдын ала хабар беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет