1.
Кішіпейіл болу (хилим)
Хилим (кішіпейілділік) жұмсақ мінезді болу, ашуды жеңу, нәпсіге ие болып,
ашуланбау және күші жете тұра кешіру, арандатушылыққа қарсы байсалдылық таныту,
салмақты болу деген сияқты мағыналарды береді.
Хилим (кішіпейілділік) кӛркем мінездің негізін қалыптастырады. Біз де сол себептен
әдептілік қағидаларын кішіпейіл болудан бастадық. Кішіпейіл адам жұмсақ мінезді,
салмақты, байсалды болып, ашуға ерік бермейтін адам болғандықтан ол қоғамда
ымыраластырушы сипатқа ие болады. Кемшіліктерді кӛрмеу, адамдарды кешіре білу,
ашық−жарқын болу сияқты әрекеттердің барлығы дерлік осы негізгі сипаттан туындайды.
Осындай сипатқа ие адамдар кӛп кездесетін қоғамда проблемалар ӛте аз болады.
Сондықтан ең әуелі кішіпейіл болуға тырысуымыз керек екен.
Күмәнсіз, адамдардың ең кішіпейілі, ең жұмсақ мінездісі Хаз.Айша анамызға «Ей,
Айша, жұмсақ бол, ӛйткені, жұмсақтық бар нәрсе міндетті түрде әсемденеді, ол болмаған
нәрсе нашарлайды»
138
деген пайғамбарымыз болып табылады. Хақ Тағала Құран Кәрімде
«Аллаһтың рақымдылығының туындысы ғой, сен оларға жұмсақ қарадың. Егер жүрегі
134
Қ
алам, 68\5
135
Муватта, Хуснул Хул
қ
8; Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 2\381
136
Тирмизи, Бирр 41, (1963)
137
Муватта, Хуснул Хул
қ
1
138
М
ү
слим, Бирр 78, (2594);
Ә
буд Дауыт, Жихад, 1 (2578), Едеб 11 (4808)
77
қатты біреу болғаныңда олар сенің жаныңнан тарап кететіні ақиқат еді»
139
деп,
пайғамбарымызды осы сипатына байланысты мадақтап, біздерге де пайғамбарымыз арқылы
қандай мінезге ие болуымыз керектігін хабарлайды.
Пайғамбарымыз дінді уағыздау міндетін атқарып жүрген кезде небір
балағаттауларға, айқау−шуларға, мың түрлі арандатуларға қарамастан ӛзінің жұмсақтығын
сақтап, міндетін ары қарай атқаруды жалғастыратын. Осылай Исламды уағыздап жүрген
кезінде оны тыңдаған бір адам ол туралы былай дейді:
«Хаз.Мұхаммед (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) Аллаһтың бір екенін, Оған
сенгендердің құтқарылатынын жариялап тұр еді. Әбу Жәхл Оның үстіне топырақ шашып,
«Ей, адамдар! Бұл адамды тыңдамаңдар, ол сендерді діндеріңнен шығаруға тырысады.
Сендерді пұттарымыз Лат пен Уззадан алыс ұстағысы келеді» деп шу шығарады.
Пайғамбарымыз болса бұл сӛздерге еш назар аудармастан, бір рет те бұрылып Әбу Жәхлдің
бетіне қарамады. Ол ӛз міндетін атқаруға тырысты»
140
.
Тағы бірде пайғамбарымыз науқастанған сахаба Хаз.Сад Бин Убадені кӛруге барады.
Жолда мұнафықтардың үлкендерінен Абдуллаһ Бин Убей бастаған топқа кездеседі. Сол
жерде бір сәт тоқтайды. Ибн Убей пайғамбарымызға сӛзбен тиісе бастайды. «Байқасаңшы,
ей адам! Жануарың жердің шаңын кӛтерді, мазамызды алмай, бұл жерден кет» деп айқайлай
бастайды. Пайғамбарымыз ол жердегілерге сәлем беріп, біраз нәрселер түсіндіреді. Ибн
Убей халықтың пайғамбарымызды ұйып тыңдағанын кӛріп, одан сайын жынданып: «Бізге
мұсылмандық туралы айтпа, саған біреу барып жатса соған айтарсың» деп балағат сӛздер
айта бастайды. Бірақ, пайғамбарымыз оның әдепсіз қылықтарына жауап қайтармай, ӛз сӛзін
жалғастыра береді. Бір кезде ақын Абдуллаһ Бин Реваха орнынан тұрып: «Иа, расулуллаһ!
Осында әрдайым келіп тұрыңыз, бізге уағыз айтыңыз, біз сізді ӛте жақсы кӛреміз» деп
ӛздерінің ризалығын білдіреді.
Осы кезде мұсылмандар мен мұнафықтардың арасында дау басталады. Тӛбелесетін
жағдайға дейін жетеді. Ӛте сабырлы әрекет жасайтын және ашу шақырмайтын
пайғамбарымыз оларға басу айтып, ол жерден кетіп қалады
141
.
Пайғамбарымыздың ұлы сипаттары Құраннан бұрын түсірілген хақ кітаптарында да
кездесетін. Мысалы, яхуди ғалымдары пайғамбарымыздың Тәуратта кездесетін кӛптеген
сипаттарын ӛз кӛздерімен оқыған. Осы яхуди ғалымдарының бірі «Оның Тәуратта
мақталған сипаттарының бәрін кӛрдім, тек сыналмаған кішіпейілдік сипаты ғана қалды» деп
оны да сынап кӛрмек болады, одан арғысын былай жеткізеді:
139
Ә
ли
Ғ
ымран, 3\159
140
М
ә
улана Шибли, Асры саадет (Терж.
Ӛ
.Рыза До
ғ
рул) 2\108, Ист. 1974
141
М
ү
слим, Жихад (Хадис № 3357)
78
«Мен пайғамбарымызға белгілі бір уақытқа отыз динар қарыз бердім. Қарызды
ӛтеуге бір күн қалғанда оған барып:
«Иа, Мұхаммед! Қарызыңды тӛле. Сендер Абдулмутталип ұлдарының әдеті
қарыздарын уақытында тӛлемей, созып жүреді» дедім. Сонда Хаз.Ӛмер маған:
«Ей, лас яхуди, уаллаһи расулуллаһтың үйінде болмағаныңда сеніңді кӛзіңді ояр
едім» дейді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) Ӛмерге:
«Ей, Хафстың әкесі! Аллаһ сені кешірсін. Біз сенен басқа әрекет күтер едік. Маған
оның мендегі ақысын ӛтеуімді айтуың керек еді, ал оған алашағын алуына кӛмектесуің
керек еді және сыпайырақ әрекет жасауын сұрауың керек еді» деді.
Менің расулуллаһқа наданша, дӛрекі жасаған әрекетім расулуллаһтың жұмсақтығын
арттырғаннан басқа ештеңе жасамады. Маған:
«Ей, яхуди! Саған қарызымды ертең таңертең тӛлеймін» деді де Ӛмерге:
«Ей, Хафстың әкесі, оны ертең таңертең ӛзі қалаған құрма бақшасына апар, ұнатса
оған мынанша бер. Берген кезде оған мынанша артық беремін де. Егер ол бақшадағыны
ұнатпаса пәлен бақшадан мынанша бер» деді.
Ертеңіне Хаз.Ӛмер мені мен қалаған құрма бақшасына апарды. Сол жерден
пайғамбарымыз айтқан мӛлшерде құрма берді. Айтқанындай артық етіп берді. Яхуди
пайғамбарымыздағы алашағын осылай алғаннан кейін кәлима−и шахадат айтып, мұсылман
болады. Неліктен мұсылман болғанын Хаз.Ӛмерге былай түсіндірді:
«Ей, Ӛмер! Білесің бе, расулуллаһқа неліктен олай жасадым? Ӛйткені,
расулуллаһтың Тәуратта жазылған ерекшеліктерінің барлығын одан кӛрдім. Кӛрмеген
сипаттарым тек кішіпейілдігі мен жұмсақтығы еді. Бүгін сол кішіпейілділік сипатын
сынаған едім, оның да дәл Тәуратта жазылғанындай екенін кӛрдім. Сен куә бол, мына
құрманы және дәулетімнің жартысын кедей мұсылмандарға таратамын».
Кейіннен бұл яхуди отбасынан қарт адамнан басқасының бәрі мұсылман болды.
Пайғамбарымыздың ӛзінің сабырлылығы мен жұмсақтығын тек бір оқиғамен кӛрсетуі
кӛптеген адамның иман келтіруіне себеп болған
142
.
Пайғамбарымыздың жұмсақ мінезін кӛрсететін тағы бір мысал бар, оны айтпай ӛте
алмаймыз. Хаз.Енес Бин Малик айтады:
«Пайғамбарымызбен бірге келе жаттым. Үстінде Нежран матасынан тігілген қатты
жағалы және қалың бір шапаны бар еді. Бір бәдәуи жүгіріп пайғамбарымызға жетіп,
шапанын қатты тартып қалды. Пайғамбарымыздың шапаны жыртылып, жағасы мойнында
қалып
қойды.
Адамның
қатты
тартқанынан
және
киімнің
қаттылығынан
пайғамбарымыздың мойнында із қалады. Бәдәуи:
142
Ибн Сад, Табакат 1\360
79
«Иа, Мұхаммед! Түйелеріме бидай арт. Ӛйткені, сендегі мал−мүлік сенің де, әкеңнің
де мал−мүлкі емес» дейді.
Бәдәуидің істегені ӛте дӛрекі, кӛргенсіздік әрекет еді. Пайғамбарымыз ренжіп,
бәдәуиге қарап: «Әуелі мені ренжіткенің үшін кешірім сұра» деді. Бәдәуи:
«Жоқ, кешірім сұрамаймын» деп жауап береді. Алайда, пайғамбарымыз бәдәуиге бір
сыпайылықтың сабағын бергісі келген еді. Бірақ, адам ол жердікі емес болатын.
Пайғамбарымыз бәдәуидің дӛрекілігіне қарамай, сахабаларына қарап:
«Мына адамның бір түйесіне арпа, бір түйесіне құрма артыңдар» дейді. Әлгі адам
қуанып қалады. Сахабалар пайғамбарымыздың бұл жақсылығына таң қалады
143
.
Пайғамбарымыз кішіпейілдік пен жұмсақтығымен алдыңғы қатарда болды. Бізге де
жарасар әрекет − әрине ең алдымен кішіпейіл адам бола білу.
Достарыңызбен бөлісу: |