70
Хадисте де айтылғаны секілді ӛтірік айту бір алауыздықтың белгісі. Әрі, алауыздық
белгісінің біріншісі. Мұсылмандар бұған жеткілікті мән бермеуде және түрлі ӛтіріктерге
барып қалады. Мысалы, сабаққа кешіккен оқушы кешігуінің шын себебін жасырып, жаза
алмау үшін әртүрлі ӛтіріктерге жүгінуі мүмкін. Бір жолдасымыз бізге телефон шалады, біз
онымен сӛйлескіміз келмесе қасымыздағы адамға алғызып, «Қазір мұнда емес, жиналыста»
деген секілді ӛтіріктер айтқызуымыз мүмкін. Кез−келген мәселеде толығымен ӛзімізді ақтап
кӛрсету үшін мың түрлі ӛтіріктер айта аламыз.
Алайда, мәселе ӛте жауапты. Мүмін ӛтірік мәселесінде ӛте мұқият болуы керек. «Ей,
адамдар! Кӛбелектің отқа түсетіні секілді сендерді ӛтіріктің соңынан еруге тартатын не?»
128
деген пайғамбарымыз ӛтірік мәселесінде мұқият болуымызды ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: