Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ӛтірік айту неге үлкен күнәға жатады?



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Ӛтірік айту неге үлкен күнәға жатады
Дініміз ӛтірік пен ӛтірікшілікті күнәлардың ең үлкендерінің бірі деп санайды. Бір 
хадисінде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Сендерге үлкен күнәлардың ең 
үлкенін айтайын ба?» деп осылай үш рет қайталайды. Сахабалар «Иә» дегенде «Аллаһқа 
серік қосу, ата−ананың борышын ӛтемеу, адам ӛлтіру» дейді. Артынша «Хабарларың 
болсын, ӛтірік сӛз, жалған куәгерлік» деп ӛтіріктің де үлкен күнәлардың бірі екенін нықтап 
айтады
121
.
Ӛтірік неліктен үлкен күнәлардың қатарында саналады? Ӛйткені, ӛтірік кӛптеген 
үлкен күнәлардың туындауына себеп болатын потенциалды күші бар күнә. Ал, басқа 
күнәлар болса ӛз басына жеке күнәлар. Алайда, ӛтірік барлық үлкен күнәлармен тығыз 
байланыста. Мысалы, үлкен күнәлардан бірі болған ішімдікті ішкен адам санасынан 
айрылғандықтан ӛтірік айтуға дайын жағдайға жетеді. Құмар ойнаған адам айрылған 
нәрселерін қайтару үшін ӛтірікке жүгінеді.
Мысалдарды кӛптеп келтіруге болады. Раббымыз Құран Кәрімде «Ӛтірік сӛзден 
сақтаныңдар»
122
. «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар және шын сӛз айтыңдар»
123
деп, осы жаман күнә туралы бізге ескерту жасайды. «Ӛйткені, ӛтірікшілік − күпірліктің 
негізі, ӛтірікшілік − екіжүзділіктің бірінші белгісі, ӛтірікшілік − Аллаһтың күшіне жала 
жабу, ӛтірікшілік − Раббының даналығына қайшы іс. Жақсы ахлақты бұзатын − ӛтірікшілік, 
Ислам әлемін улайтын − ӛтірікшілік, адамзат әлемінің жағдайын құртатын − ӛтірікшілік, 
адамды рухани кемелдіктен керіде қалдыратын − ӛтірікшілік, Исламның негізі − 
шыншылдық, иманның ӛзегі − турашылдық, барлық жақсылыққа бастайтын − шыншылдық, 
ұлы ахлақтың ӛмірі − туралық»
124

120
М.Фетхуллах Г
ү
лен, Сызынты, Март 1983, 5\50 
121
Б
ұ
хари, Шехадет, 10; М
ү
слим, Иман, 143 
122
Хаж, 22\30 
123
Ахзаб, 33\70 
124
Нурси, Ишаратул Ижаз, 93 


69 
Ӛтіріктің үлкен−кішісі болмайды. Ӛтіріктің аты ӛтірік. Аздап айтылған ӛтіріктер 
уақыт ӛте келе адамды нағыз ӛтірікші болуға бастайды. Әдетке айналады. Нәтижеде ол 
үлкен ӛтіріктер айта бастайды және Аллаһ құзырында ӛтірікші деген үкім алады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде мұны былай түсіндіреді: 
«Ӛтіріктен сақтаныңдар. Ӛтірік адамды күнәға, ал ол тозаққа апарады. Адам әрдайым 
ӛтірік айтып, ӛтірік іздесе Аллаһ құзырында ӛтірікшілердің бірі болып жазылады»
125

Сондықтан да мүмін адам ӛтірік мәселесінде ӛте мұқият болуы керек, ӛтіріктен 
сақтануы керек. Қалайша дейсіз ғой? Фетхуллаһ Гүленге құлақ салайық: 
«Мысалы, сағат тоғызға үш минут бар делік. Сол кезде біреу сізден уақытты сұрап, 
сіз «Сағат тоғыз» десеңіз, міне бұл ӛтірік болады. Бұл жерде сағат қаншаны кӛрсетіп тұрса 
соны толық айтуыңыз керек. Кейбір сӛздер бар, олар да жасырын ӛтірік болып саналады. 
Мысалы, Аллаһ ризалығы үшін жасалған істерде басқаларға моралдық қолдау кӛрсету үшін 
кейде асыра сілтейтін сӛздер айтылады, бұл бір асыра сілтеушілік жасырын ӛтірік болып 
табылады. Тіпті, мұндай ӛтіріктер, асыра сілтеушіліктер Аллаһтың қаһарына себеп болуы 
мүмкін, сол себептен ол істің бар берекесінің қашуы мүмкін. Бұдан рухтар мен руханилер 
де азап шегеді. Жүрек пен рухани ӛмір күз келгендей сарғайып, солады. Егер бір адам 
осындай болып, ӛтірік айтса ол адамда мұнафықтың бір белгісі бар деген сӛз». (Гүлен, 
Фасылдан фасыла, 2\277) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет