Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Құран шыншылдықты бұйырады



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Құран шыншылдықты бұйырады 
Кемел адам біле тұра айтқан ӛтірік сӛзі үшін ар азабын тартады. Міне, шыншылдық 
болса адамды осындай ар азабынан, ішкі мазасыздықтан құтқарады. Хаз.Пайғамбарымыз 
осы тақырыпқа қатысты түрде былай деген: «Біліп қой, шыншылдық – жан тыныштығын, ал 
ӛтірік болса − күмән мен алаңдаушылықты тудырады»
101
. Шыншылдық сонымен қатар 
басқа да моралдық қасиеттердің жолын ашатын, адамды моралдық құндылықтарға ие 
болуға шақыратын шешуші ерекшелік болып табылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу 
алейһи уәссәлләм) «Шыншылдық адамды жақсылыққа апарады»
102
деген.
«Маған мына алты нәрсе туралы уәде беріңдер, мен де сендерге жұмақты уәде 
етейін: 
101
Тирмизи, Киямет 60 
102
М
ү
слим, Бирр, 105; Б
ұ
хари, Едеб 69 


59 
Сӛйлеген кезде шындықты айтыңдар! 
Уәде берсеңдер, орындаңдар! 
Аманатқа қиянат жасамаңдар! 
Екі аяқ арасын қорғаңдар! 
Кӛздеріңді харамға жұмыңдар! 
Қолдарыңды харамнан аулақ ұстаңдар!
103
Шыншыл адам – сӛзінде тұратын адам. Оның іші де, сырты да бір. Ӛтірік айтпайды, 
айлакерлік жасамайды, ешкімді алдамайды, ісін жүйелі жасайды. Жүрген жолы − 
туралықтың жолы. Мүмін әуелі жүрегінде таза, адал болуы керек. Жүрегінде ӛтірікке, 
айлаға, дұшпандыққа, бүлікке орын бермеуі керек. Одан соң сӛзінде шыншыл болуы тиіс. 
Ӛтіріктің зарары айқын, ал шыншылдықтың пайдалары ӛте кӛп. Мүмін сонан соң ісінде 
турашыл болуы керек. Ісін ретімен жасауы керек, алдаудан, айладан аулақ болуы тиіс. 
Ӛте шыншыл болғандар, Аллаһтан келген уахиді қабылдағандар сыддық деп 
аталады. Хаз.Әбу Бәкірдің лақап аты Сыддық болған. Сыддық болғандар ешқашан ӛтірік 
айтпайды. Олар сенімдерінде шыншыл және оны амалдарымен нығайтады. «Кітапта 
Ибрахимді де есіңе ал. Ӛйткені, Ол сыддық бір нәби болатын»
104
. Аллаһқа және Оның 
расулына толық сенген адамдар − Аллаһ құзырында сыддықтар мен шәйіттер, сыддық және 
шәйіттік мәртебеге жеткендер
105
.
Аллаһ (жәллә жәләлуһ) Құран Кәрімде барлық адамдарды иман келтіруге және садық 
адамдармен бірге болуға шақырады
106
. Садық болғандардың Исламды, Құранды және Оны 
уағыздаған пайғамбарды растап, толық бағыныштылықпен ғибадат еткендердің сыйын 
Раббымыз береді. Ал, екі жүзді мұнафықтар болса азап тартады
107

Садық болған әйелдер мен садық еркектерге Раббымыз үлкен сый дайындаған. 
Ӛйткені, олар имандарында шынайы болатын және хақты шын кӛңілмен растайтын
108
. Олар 
Аллаһтан келген садық бір шақыруды растады және растаушы, турашыл адам болды. 
Раббымыз оларды былай мадақтайды: «Кім Аллаһқа және расулына мойынсұнса міне солар 
Аллаһтың ӛздеріне нығмет етіп берген пайғамбарларымен, сыддықтарымен, шәйіттерімен 
және салихтарымен бірге. Олар қандай жақсы жолдастар»
109

103
М
ү
снед, 5\323 
104
М
ә
риям, 19\41 
105
Хадид, 57\19 
106
Т
ә
убе, 9\119 
107
Ахзаб, 33\24 
108
Ахзаб, 33\35 
109
Ниса, 4\69 


60 
Садық − жолдас деген сӛз. Яғни, жолдасын қолдайтын, оған туралықпен қарайтын, 
оған шынайы кӛзбен қарайтын ең жақын дос деген сӛз. Жолдас деген мағынаны беретін бұл 
сӛздің «сыдқ» (туралық) сӛзінен шығуы назар аударарлық нәрсе.
Осы жерде садықтардың бірі, Аллаһ достарының пірі Абдулкадир Жейлани туралы 
айтып ӛтейік. Ол бізге қандай жағдайда болсын ешқашан ӛтірік сӛйлемей шыншылдықтан 
бір сәт те таймауды үйретеді.
Абдулкадир Жейлани мектеп жасына жеткенде ғылым үйрену үшін жолға шығады. 
Анасы оны ӛте жақсы кӛреді, бірақ ғылымды да қатты қолдайтын. Марқұм әкесінен қалған 
алтындардың жартысын бауырына алып қалады да, жартысын шапанының астарына тігіп 
беріп: 

Ешқашан ӛтірік айтпа,− дейді.
Кішкентай Абдулкадир керуенмен бірге жолға шығады. Бағдатқа қарай жол алады. 
Тауларды, жазықтарды, шӛлдерді басып ӛтеді. Жолда керуеннің алдын қарақшылар кеседі. 
Керуендегі барлық адамдар тоқтап тұрып қалады.
Қарақшылар мейірімсіз адамдардан құралады. Жол кесіп, тапқанын тонайтын 
адамдар... 

Қимылдамаңдар, нелерің бар болса, бәрін алдарыңа тастаңдар,− дейді.
Барлық адам үрейленіп, қорқып тұрады. Ешкімнің бір ауыз айтатын сӛзі де, қарсы 
тұратын күші де жоқ.
Азулы қарақшылар бәрін тонай бастайды. Жиналған заттар қарақшы басшысының 
алдына жиналады. Сол кезде қарақшылардың бірі Абдулкадирдің алдына келіп: 

Ей, дәруіш секілді бала, сенің де бір нәрсең бар ма? – деп сұрайды.
Ӛзі кішкентай болса да, жүрегі үлкен нұрлы бала: 

Бар, қырық алтыным бар. 

Кет ары, пақыр бала, қырық алтынды сен түсіңде де кӛрмеген шығарсың. 
Басқа бір қарақшы сӛзге араласып: 

Қане, қайда алтындарың?− дейді. Абдулкадир: 

Қолтығымның астында, шапаныма тігулі,− дейді.

Жүр! 

Қайда? 


61 

Басшымыздың алдына. 

Басшы кім? 

Сұрақ қоймай, бас аяғыңды! 
Басшылары: 

Ей, бала! Қырық алтыным бар депсің, рас па бұл? 

Иә. 

Алтындар қайда? 

Шапаныма тігулі. 
Сӛйтіп, олар пышақпен кішкентай Абдулкадирдің шапанынан ақшасын сӛгіп алады. 
Қарақшылардың басшысы таңданысын жасыра алмай:

Ей, бала! Сен неге ол жерде алтының бар екенін бізге айтып бердің? − дейді.
Абдулкадир Жейлани күлімсіреп былай дейді:

Анам маған шыншыл болып, Аллаһтың ризалығын күтуді ескертті. Шыншылдық − 
қауіпсіздік, ӛтірікшілік − сатқындық. Сатқындық жасай алмас едім. 
Кӛзі мен жүрегін қан мен күнә жаулаған қарақшы басшысы басынан біреу салып 
қалғандай күй кешеді. Біраз уақыт әлгі баланың бетіне қарап тұрады. Ол баланың күнәсіз 
жүзіндегі сӛздер оның тастай қатқан жүрегін жібітеді. Кӛзінен жас парлап: 

Қараңдар, − дейді. Мына бала анасына берген сӛзінде тұрып, оған қиянат жасамаса, мен 
қаншама уақыттан бері Аллаһтың сӛзі мен бұйрықтарына қиянат жасап жүрмін. Обал жоқ, 
маған. Міне, осы сәттен бастап барлық жамандықтарым мен күнәларыма тәубе етемін. 
Мына әдемі бала мені зұлымдықтан нұрға шығарды.
Жүрегі тастан да қатты басшының кӛздерінің жасқа толып, бетін жастың жууы басқа 
қарақшыларға да әсер етіп, олар: 

Ей, басшымыз! Бүгінге дейін жол торып, адам ӛлтіруде, адам тонауда басшымыз едің. Ал, 
енді тәубе мен жақсылыққа бастар жолда да басшымыз бол! Біз тағы да сенімен біргеміз, 
бұйрығыңа бас иеміз,− дейді. 

Олай болса, керуенде кімнен не алсаңдар, барлығын біртіндеп қайтарыңдар, сосын келіп осы 
жерде күнәларымызға тәубе етейік! 

Әміріңізге құлдық! 


62 
Сол сәтте керуеннен алынған заттар, ақшалар, алтындар ӛз иелеріне қайтарылады. 
Жүректері тастай қатқан бұл қарақшылар кӛңілдегі кірлерін тәубемен сүртуге кіріседі. 
Жүректері енді жұмсарған еді. Бұған себеп кішкентай баланың шыншылдығы және 
уәдесінде тұруы еді.
Ол бала ӛзінің алтынын, әрі керуеннің халқын, әрі қарақшыларды құтқарған еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет