58
сұрайтынын сұрадым. Ол «Отыз алтын» деді. Әлгі отыз алтынды беріп, жігітті сатып
алдым. Жігіт ӛте еңбекқор, әдепті екен. Оны алғаныма қуандым. Бір−екі жыл ӛтті. Бір күні
ол екеуміз келе жатыр едік, алдымыздан екі−үш адамның бізге қарай келе жатқанын кӛрдік.
Жігіт маған айтты: «Қожайын, мен Фас әкімінің баласымын. Мына келе жатқандар әкемнің
адамдары. Мені тапты. Сенен мені сатып алмақ болады. Сен жақсы адамсың, оларға мені
отыз мың алтыннан тӛменге сатпа» деді.
Әлгі адамдар жаныма келіп:
−
Мына құлды сатасың ба? – деп сұрады.
−
Сатамын.
−
Алпыс алтын береміз.
−
Болмайды.
−
Сен мұны отыз алтынға алған жоқсың ба? Біз саған екі есесін беріп тұрмыз ғой.
−
Олай болса, барыңдар, базардан алыңдар.
Олар қоса−қоса жиырма мың алтынға шығарды. Мен отыз мыңнан тӛменге
бермейтінімді айттым. Олар амалсыздан қабылдады. Алтынды беріп, жігітті алып кетті.
Мен ол отыз мың алтынға жұмыс орнын ашып, сауда жасадым, ӛте бай адамға айналдым.
Бір күні маған жолдастарым ӛте бай әулеттің бір қызы бар. Әкесі қайтыс болды. Сені соған
үйлендірейік деді. Мен келістім. Неке қиылды. Түйемен жасау жүктерін әкелді. Жасаудың
ішінен бір дорба кӛзіме түсті. Қыздан оның не екенін сұрадым. «Ішінде 970 алтын бар, әкем
мұны Қағбада жоғалтып алыпты, тауып берген жігітке 30 алтынын беріпті, қалғанын менің
жасауыма қосты» деді. Демек, тапқан алтындарым менің несібем екен, мен оны бермегенде
табысым харам болар еді, қазір болса адал жолмен маған қайтып келді.
Достарыңызбен бөлісу: