56
Иә, ӛтірік сӛз араласқан кезде ол әзіл боудан шығады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уәссәлләм) осы мәселеде ӛзінің әзілін де мысал еткен. Мысалы, ӛзіне он немесе он
бір жастарында бағынған Хаз.Енесті кейде Зул Узунейн (екі құлақты) деп шақырған. Міне,
бұл шындықты айту. Бірақ, біреуге лауазымына байланысты екі құлақты деу басқа мағына
беруі мүмкін. Пайғамбарымыз бұл жерде шындықты айтып, әзілдегенде де тек шындықты
айтуды ұсынған.
Мысалы тағы бір жолы Оған бір қария әйел келеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уәссәлләм) оның жағдайын кӛріп, оның жарқыраған жүзіне қарап, қалжыңдап
күлдірген. Әйел пайғамбарымызға жұмаққа барғысы келетінін жеткізгенде пайғамбарымыз
«Қариялар жұмаққа кіре алмайды» деген. Әйел жылап қалады, сонда пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Оған айтыңдар, жұмаққа мынадай қария түрінде кіре
алмайды» деген.
Міне, пайғамбарымыз бұл әзілінде де әуелі оны ойландырып қойғанмен кейіннен
туралықты айтқан. Ол барлық әзілдерінде ешқашан да ӛтірікке жол бермеген. Ӛйткені, Ол
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) тек шындықты айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: