Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Жәрдемдесуде бір−біріңмен жарысыңдар



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Жәрдемдесуде бір−біріңмен жарысыңдар 
Құранның осы мәселедегі бұйрық пен ұсыныстарынан, хадистерде орын алатын 
сӛздерден әсерлене әрекет ете отырып, сахабаларымыздың әрқайсысы да жомарттықтың 
жарысына түскендей басқаға жәрдем беруге жүгірген және одан да кӛп жақсылық жасау 
жолында күрескен.
Іштеріндегі иманның шырағымен алдағы жолдарын нұрландырған осындай 
адамдардан бұдан басқа әрекетті күту мүмкін емес те еді. Егер бүгін біз де әлеуметтік 
ӛмірімізде жақсылық жолында бір әрекет күтетін болсақ, барлық салалар секілді бұл 
мәселеде де сахабаларды үлгі етіп алып, солар сияқты жомарт азаматтарды тәрбиелеуіміз 
керек. Қазіргі кезде әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақыттарда құрылып жатқан жәрдем 
ұйымдарынан осының мысалдарын кӛруіміз болашағымыз үшін үміттің қайнар−кӛзі 
87
Асым Йылдырым 


48 
болуда. Үлгі тұтарлық азаматтарды ӛз ішінен шығаруға қол жеткізе білген халықтардың 
болашақта баратын жерін болжау қиын болмаса керек.
Материалдық мүмкіндігіне байланысты жиһадқа қатыса алмағанына қатты 
қынжылған және осы себептен ықыласы Құранда аят ретінде орнын тауып бізге 
түсіндірілген бұл алтын буын жақсылыққа қол жеткізуде жарысқа түскендей еді. Сол 
себептен байлардың мал−мүлікпен жеткен дәрежесіне ӛздерінің жете алмайтынын және сол 
себептен де олардан сауап мәселесінде артта қалғандықтарын білдірген сахабаларға Аллаһ 
расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) оларды да сондай дәрежеге жеткізетін амалдар 
ұсынған, бұл ұсынысты естіп, орындаған байларға мұның бір иләһи жақсылық екенін 
ескерткен: 
Оқиғаны Әбу Хурайра (радиаллаһу анх) былай түсіндіреді: 
Мұхажырлардың кедейлері расулуллаһқа барып: 

Мал−мүлігі барлар ұлы дәрежелерге және мәңгілік нығметтерге қол жеткізді» дейді. Аллаһ 
расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм): 

Неге? − деп сұрайды.

Біз секілді намаз оқиды, ораза тұтады. Сонымен қатар, олар садақа береді, ал біз оны жасай 
алмаймыз. Олар құл азат етеді, біздің ондай мүмкіндігіміз жоқ,−деп жауап береді. Сонда 
расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм): 

Сендерге солардың дәрежесіне жеткізетін, сол істі жасағандар ғана сендерден оза алатын бір 
нәрсені үйретейін бе? – деді. 

Иә. 

Әр намаздан кейін 33 рет сүбханаллаһ, 33 рет әлхамдулиллаһ және 33 рет Аллаһу әкбар 
десеңдер соған қол жеткізесіңдер, − дейді. Арада біраз уақыт ӛткеннен кейін кедей 
мұхажырлар расулуллаһқа келіп: 

Біздің жасағандарымызды бай бауырларымыз да естіпті, олар да біздің жасағанымызды жасап 
жатыр, − дегенде Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм): 

Бұл – Аллаһтың қалаған адамына беретін ізгілігі,−дейді
88

Шынында, Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) басқа бір хадистерімен 
олардың бұл уайымдарын да сейілтіп, оларға сауап жинаудың жолдарын үйретеді. Оның 
бұл бағытта берген хабары бойынша мал−мүлкі болмаса да мал−мүлкін Аллаһ жолына 
жұмсағандарға қарап және шын ниетпен «Менде бар болса мен де пәленше секілді таратып 
берер едім» дейтіндер солар сияқты сауап алады. Бұл адамның шынайы ықыласына 
байланысты болса керек. 
88
Б
ұ
хари, Езан, 155; Деават, 17; М
ү
слим, Месажид, 142; Зекат, 53; М
ү
снед, 2\419


49 
Сахабалардан Хаз.Әбу Бәкір мен Хаз.Ӛмердің қолдарындағы мал−мүлкін Аллаһ 
жолына жұмсау жолында жарысқа түскенін түсіндіретін мына бір оқиғаны атумен 
шектелейік. Хаз.Ӛмер (радиаллаһу анх) айтады: 
Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) бізден садақа беруді қалады, бұл менің 
қолымда мал бар кезге тура келген еді. Ішімнен: «Әбу Бәкірден озсам дәл бүгін озармын» 
дедім де малымның жартысын алып расулуллаһқа апарып бердім. Ол маған: «Отбасыңа не 
қалдырдың?» деді. Мен «Дәл осындай мӛлшерін» деп жауап бердім. 
(Сол кезде) Әбу Бәкір келді, ол қолындағы бар малын алып келіпті, пайғамбарымыз 
оған да осындай сұрақ қойды. Әбу Бәкір (радиаллаһу анх) болса «Оларға Аллаһ пен 
расулын қалдырдым» деді. Сол кезде мен жақсылық жасау жарысында Әбу Бәкірден 
ешқашан оза алмайтынымды түсіндім»
89

Міне, олар садақа беру деген нәрсені осылай түсінген және ӛмірлерін осы бағытта 
жалғастырып, Хақ Тағаланың ризалығына ие болған жандар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет