54
«Бізді тура жолға сала кӛр! Нығметке бӛлендіргендеріңнің жолына! Ашуға
ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»
100
деп, Одан тура жолды сұраймыз.
Аяттан тура жолдың Хақ Тағаланың адамдарға жол кӛрсетуші ретінде жіберген
пайғамбарларының жолы екендігі байқалады. Сондықтан да біз үшін тура жол
пайғамбарымыздың жолы, яғни Исламның жолы. Турашыл адам Аллаһтың бұйрықтарына
бағынатын, Соның ризалығын кӛздеп ӛмір сүретін және адамдардың құқықтарына
мойынсұнатын адам болып саналады.
Тура жол пайғамбарымыздың жолы болғандықтан ең турашыл адам − әрине
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм). Сол себептен турашыл болғысы
келгенәрбір мүмін адам пайғамбарымыздың мінезін ӛзіне үлгі етуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: