Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

 
Бірге ӛмір сүру 
Басқалардың сезіміне, басқалардың мұқтаждығына ӛзімізді тікелей жауапты 
санауымыз қажет. Жанымызға келген әрбір адамға мұқтаждығын ӛтеу үшін аш па, демалуы 
керек пе, сұрап, жегізіп, ішкізуіміз керек. Бұл ӛте маңызды сезім. Алайда, ӛкінішке орай, 
кӛптеген адамда басқаларды ойлау деген нәрсе байқалмайды. Бұл мені қатты қынжылтады. 
Жолдасының алдында жейтін наны жоқ, ал мұны ешкімнің кӛрмеуі мені ренжітеді.
Сонымен қатар, бізбен бірге жұмыс істейтін, қызмет ететін адамдарды 
дастарханымыздан бӛлу дұрыс емес. Біздің міндетіміз − адам ретінде барша адамды қадір 
тұту. Ерекшеленіп бӛлектену біздің мінезімізге, пайғамбарлық мінезге сай келмейді.
Ӛздеріңді ешбір тұрғыда адамдардан алшақтатпаңдар. Ешкімді кемсітпеңдер. Қандай 
жұмыс істесе де барлық адамды қадірлеңдер, оларға дастархандарыңнан орын беріңдер. 
Әркімге әртүрлі қараудан сақтаныңдар. «Пәни дүние» деу оңай, бірақ оның пәни екенін 
сезіну ӛте қиын. Раббым соны сездірсін
90

Материалдық жәрдемдесуде назар аударатын жағдайлар 
Жәрдемдесу − Хақ құзырымен қатар халықтың алдында да адамның қадірін 
арттыратын маңызды нәрсе. Осындай маңызды істі орындаған кезде назар аударатын 
бірқатар мәселелер бар. Ӛйтпеген жағдайда мұқиятсыз жасалған кейбір әрекеттердің 
кӛбінесе тиісті нәтижені бермейтіні белгілі.
89
Тирмизи, Менакыб, 16; Дарими, Зекат, 26 
90
М.Фетхуллах Г
ү
лен, Гурбет Уфуклары (Кырык тести−3), 51- б. 


50 
Сол үшін де әсіресе мына жағдайларға назар аудару керек: 
1.
Ең әуелі жәрдем Аллаһ ризалығы үшін жасалады. Негізінде Аллаһтың ризалығы кӛзделмей 
жасалған жәрдем Аллаһ құзырында қабыл болмайды. Ол бір риякерлік немесе бір пайда 
үшін жасалса Аллаһ ризалығын кӛздеген кӛмек болып табылмайды. 
Қараңдар, Раббымыз Құран Кәрімде бұл мәселе бойынша бізге қалай ескертеді: 
«Мал−мүліктеріңнен жақсылық үшін не жұмсасаңдар ол ӛз пайдаларыңа. Ӛйткені, сендер 
тек Аллаһтың ризалығын кӛздеп бересіңдер. Осылайша, жақсылық ретінде не берсеңдер де 
оның сауабы толықтай сізге қайтарылады. Ақыларың желінбейді және сендерге зұлымдық 
жасалмайды
91

2.
Жәрдем берілетін адамдарды дұрыстап таңдау керек, шынында жәрдемге мұқтаж ба, жоқ па, 
зерттелуі керек. Айтарлықтай мұқтаждығы болмаса да қайыршылықты кәсіп еткен адамдар 
адамның сезімін отарлау арқылы заңсыз табысқа қол жеткізеді. Қаншама шын мұқтаж 
жандар қажеттіліктерін айтудан тартынып, ешкімге ештеңе айта алмайды, ӛздеріне 
берілетін кӛмекті қолды күтеді. 
Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Садақаларыңды сол пақырларға беріңдер, олар 
Аллаһ жолында жұмыс істейді, ары−бері жүгіріп табыс таба алмайды. Қайыр тілеуден 
тартынғандықтан танымайтындар оларды бай деп ойлайды. Ей, расулым! Сен оларды 
жүздерінен танисың. Олар арлылығына байланысты адамдарды мазалап, бір нәрсе 
сұрамайды. Сендер олар үшін не жұмсасаңдар, ақиқат Аллаһ оны біледі»
92

3.
Ӛзіміз қолданбайтын, іске жарамайтын нәрселер кӛмек деп басқаға берілмеуі керек. Яғни, 
адам бермек болған затының ӛзіне берілгенде ӛзін қалай сезінетінін ойлауы керек, ӛзі 
қабылдамайтын сападағы және мӛлшердегі нәрсені басқаға бермеуі керек. Құран бұл 
мәселеде былай бұйырады:
«Ей, иман келтіргендер! Жақсы нәрселеріңнен және ризық ретінде жерден шығарған 
нәрселерімізден жұмсаңдар. Сендерге берілсе ала алмайтын жаман нәрсені садақа деп 
бермеңдер. Біліңдер, Аллаһ бай, мақтауға лайық»
93

Тақырыпқа қатысты мына хадистің де берер ғибраты мол: 
Сахабалар кезінде кейбір адамдар мешіт нәбәуиге құрмалар әкелетін. Одан кедейлер 
алып, мұқтаждықтарын ӛтейтін. Бір күні Аллаһ расулы мешітке кіріп, ол жерге қойылған 
91
Ба
қ
ара, 2\272 
92
Ба
қ
ара, 2\273 
93
Ба
қ
ара, 2\267 


51 
лайықсыз құрмаларды кӛріп, қолындағы таяғымен кӛрсетіп, «Мына садақаның иесі қаласа 
бұдан тазасын бере алар еді. Бұл садақаның иесі қиямет күнінде де осындай сапасыз 
нәрсемен жауап алады» дейді
94

4.
Берген кӛмегін міндетсінуге болмайды. Мұндай кӛмектің адамға әкелер пайдасы жоқ. Хақ 
Тағала Құранда міндетсініп жасаған кӛмекті мүмін емес адамдардың істері деп кӛрсетеді:
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа және ақырет күніне сенбеген күйде адамдарға 
кӛрсету үшін жақсылық жасаған адам секілді садақаларыңды міндетсіну және қинау арқылы 
жойып жібермеңдер. Оның жағдайы үстінде топырақ бар болып, жаңбар жауған кезде 
(топырағын шайып) жып−жылтыр болған тасқа ұқсайды. Олардың еңбектері еш болады. 
Аллаһ қарсы болған елді тура жолға салмайды»
95

5.
Жәрдемнің үлкен−кішісі болмайды. Адам аз да болса жасаған жәрдемін аз санамауы керек
ӛзін қинап, ең жоғары деңгейде кӛмек кӛрсетуді кӛздемеуі керек. Пайғамбарымыз 
«Бауырын жылы жүзбен күтіп алудан тұратын болса да ешқандай жақсылықты кем 
кӛрме»
96
деп, ешқандай кӛмекті азсынбауымыз керектігін айтады.
6.
Жәрдемдесуді кейінге қалдырмау керек. Бұл мәселеде «Тағы біраз күте тұрайын» деп ойлау 
қателік. Қолындағы барымен мұқтаждарға жәрдем беру керек, уақытты босқа ӛткізбеу 
керек. 
7.
Жәрдемдесу мәселесінде негізгі нәрсе зекеттен басқаны жасырын ұстау. Зекет – парыз 
ғибадат, оны жасыруға болмайды. Алайда, зекеттен басқа кӛмек жасалған кезде құпиялық 
қағидасына назар аудару керек, жәрдемдесуге риякерлік араластырылмауы керек. Бұл 
мәселеде пайғамбарымыз былай бұйырады: «Егер садақаларды жасырып, оларды солай 
кедейлерге берсеңдер, бұл сендер үшін ӛте қайырлы және күнәларыңның бір бӛлігін 
жабады»
97

Пайғамбарымыз да бір хадисінде оң қолдың бергенін сол қол кӛрмесін деген секілді 
садақаны жасырын бергендердің ақыретте арштың кӛлеңкесін паналайтынын хабарлаған
98
.
Осыған дейінгі айтқандарымыз жәрдем берген адамдардың назар аударуы керек 
жағдайлар болатын. Жәрдем күткен адамдар болса мұқтаждығынан артықты сұрамауы 
керек, кӛмекті сол мұқтаждығы мӛлшерінде қабылдауы керек, басқа да мұқтаж адамдардың 
94
Ә
буд Дауыт, Зекат, 17 
95
Ба
қ
ара, 2\264 
96
Риязус Салихин, 1\159 
97
Ба
қ
ара, 2\271 
98
Тежрид, 2\620 


52 
болуы мүмкін екенін ұмытпауы тиіс. Сонымен қатар, берілген жәрдемді азсынбай 
қабылдауы керек, жәрдем ұсынған адамға рахмет айтып, ол үшін дұға етуі керек.
Сұрақтар
1.
Жәрдемнің толық бір жақсылық болуы үшін неге назар аудару керек? 
А) Жақсы кӛретін нәрсемізден беріп, кӛмектесу 
Ә) Ӛзіміз қолданбайтын және іске жарамайтын нәрселерді кӛмек ретінде беру 
Б) Кӛп және сапасыз нәрсені мұқтаждарға беру 
В) ешқайсысы 
2. Хадистерде Аллаһтың бір құлға кӛмектесуі қандай шартпен байланыстырылған? 
А) құлдың ӛз істерін атқаруы 
Ә) құлдың басқа адамға жәрдемдесуі 
Б) Құлдың істерді тәртіппен жасауы 
В) Құлдың ӛз жұмысын ӛз уақытында жасауы 
3. Тӛмендегілердің қайсысы жәрдемдесуге жатады? 
А) садақа ә) зекет б) Аллаһ үшін қарыз беру (карз ы хасен) в) барлығы 
4. Тӛмендегілердің қайсысы жәрдемдесуге жатпайды? 
А) Жақсылыққа жәрдемдесу 
Ә) Жамандықтан сақтануға жәрдемдесу 
Б) Дұшпандықта және күнә жасауға жәрдемдесу 
В) Достарға қажеттілігін ӛтеуге жәрдемдесу 
5. Ӛзі жақсы кӛретін Бейруха деген бақшасын Аллаһ жолына садақа еткен сахаба кім? 
А) Енес Бин Малик ә) Әбу Талха б) Әбу Акил в) Абдуррахман Бин Ауф 
6. Жүк тасушы болып істеп жүріп табысын кедейлерге таратқан және пайғамбарымызға 
берген сахаба кім? 
А) Әбу Акил ә) Әбу Талха б) Абдуррахман Бин Ауф в) Хаз.Әбу Бәкір 
7. Бар малын Аллаһ жолында жұмсаған, пайғамбарымыздың «Ӛзіңе не қалдырдың? деген 
сұрағына «Аллаһ пен расулын» деп жауап берген сахаба кім? 
А) Хаз.Ӛмер ә) Хаз.Әбу Бәкір б) Хаз.Абдуррахман Бин Ауф в) Әбу Зерр 
8. «Бауырыңды жылы жүзбен қарсы алудан тұратын болса да ешқандай жақсылықты кем 
кӛрме» деген хадис бізге не түсіндіреді? 
А) Ешқандай кӛмекті азсынбау керектігін 
Ә) Кӛмекті кейінге қалдырмауымыз керектігін 
Б) Кӛмекті жасырын түрде беруіміз керектігін 


53 
В) Кӛмек берілетін адамның зерттелуі керектігін 
9. Тӛмендегілердің қайсысы жәрдемдесуге қатысты ерекшелікке жатады? 
А) Исар (ӛзінен басқаны артық кӛру) 
Ә) Пидакерлік (Аллаһ үшін басқаны ойлау) 
Б) Жомарттық (Аллаһ үшін беру) 
в) барлығы 
10. Тек екі күндік қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей заты болған және Хаз.Ӛмер оның 
бұл әрекетіне «Бәрімізді ӛзгерткен мына дүние сені еш ӛзгертпепті» деген сахаба кім? 
А) Хаз.Әбу Зерр ә) Хаз.Әбу Убайда б) Хаз.Хузайфа в) Хаз.Муаз Бин Жебел


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет