Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Қоғамда тыныштық орнатады



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Қоғамда тыныштық орнатады 
Қоғамдағы мұқтаж адамдарды анықтап, оларға кӛмек беру − болашақтың 
тыныштығы үшін жасалған ең жақсы нәрсе. Осылайша, шарасыздықтан заңсыз жолдарға 
барып, қоғамда қақтығысқа себеп болатын әрекеттердің алды алынып, тыныштың 
бұзылуына жол берілмейді. Кӛмек беру арқылы кедей−пақырлар қорғалады. Олардың 
материалдық қажеттіліктерінің жойылуы арқылы жамандық жасауларына тосқауыл 
қойылады. Ӛйткені, кедейлік пен аштық әлсіз адамдарды кӛбінесе жамандыққа тартып, 
ұрлық жасатады, заңсыздыққа итермелейді. 
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) кӛптеген хадистерінде бізге қоғамда 
мазасыз, үрейлі тұлғалар болған кезде ол қоғамның да мүшелерінің де қалаған тыныштыққа 
жете алмайтынын түсіндіреді. Олай болса, жалпы қоғамның бақыты мен тыныштығы 
толығымен оның мүшелерінің бақыты мен тыныштығына байланысты. Бүгін кедейден 
қашқақтап бермегендер ертең оған он есе, тіпті жүз есесін пара ретінде берсе де 
туындайтын наразылықтардан құтылуға мүмкіндік таппайды. Олай болса, тұлғаның 
тыныштығы мен бақыты қоғам ӛмірінің тыныштығы мен бақытымен тығыз байланысты.
Жәрдемдесу байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықтықты жабатыны секілді 
олардың араларында бір сүйіспеншілік пен құрмет байланысының орнауына да себеп 
болады.
86
Тирмизи, З
ү
хд, 17; М
ү
снед, 4\231 


45 
3.
 
Ізгіліктің жарысқа түсуіне себеп болады 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Берген қол алған қолдан артық» деп 
бұйырған. Осылайша, мұсылмандарға кӛмек алушы емес, кӛмек берушілердің қатарында 
болудың жақсы екенін білдерген. Қиын және жоқшылық кезеңдерінде мұсылман 
бауырларынан кӛмек, түсіністік және сүйіспеншілік кӛргендер қиындығын жойғаннан кейін 
жұмыс істеп, табыс табуға, алушы емес, беруші болуға тырысады. Осылайша, қоғамда бір 
ізгіліктің жарысы басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет