Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Әркім ӛз иманыны шеңберінде материалдық жәрдем беруге жауапты



Pdf көрінісі
бет26/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Әркім ӛз иманыны шеңберінде материалдық жәрдем беруге жауапты 
Барлық адам дерлік тәні бойынша бірқатар жауапкершіліктерге ие болса, қолындағы 
мүмкіндіктері бойынша да сондай жауапкершіліктерге ие. Осы жауапкершіліктер 
нәтижесінде шығатын қорытынды адамдардың алдағы уақытта қол жеткізіп, жұмсайтын 
нәрселерімен емес, сол сәтте қолында бар мүмкіндікті Аллаһ жолында жұмсауға міндетті 
болғандығында. Басқаша айтқанда барлық адам Хақ Тағаланың ӛзіне берген 
мүмкіндіктерімен Соған құлшылық жасауға міндетті. Бес теңгесі бар адам бес теңгенің, бес 
жүз мың теңгесі бар адам бес жүз мың теңгенің ішінен Аллаһтың ризалығын табуы керек. 
Сол себептен қазіргі кезде Раббымыз бен пайғамбарымыздың атының дүниенің 
түкпір−түкпіріне таратылуы жолында баршамыз қолымыздағы барымызды сарп етуіміз 
қажет. Бірі қолындағы бір кесе айранымен жүгірсе, екіншісі Сұлтан Сүлейменнің 
дәулетіндей дәулетпен қатысуы керек, нәтижеде ортақтасқан бір даму процесін жасаймыз. 
Қолындағы барын салып, ӛзін осы іске арнаған адам Аллаһ үшін ӛзінен бірнеше есе кӛп 
жұмсаған адамдар секілді сауап алады. 
Ӛйткені, Аллаһтың құзырында жасалған нәрсенің саны емес, оны жасаған кездегі 
әрекет пен жағдай маңызды. Бәдиуззаманның айтуынша ықыласпен жасалған шаңның 
тозаңындай әрекет ықылассыз жасалған мыңдаған әрекеттен артық. Сол себептен де кейде 
бір кесе айран Сұлтан Сүлейменнің Сүлеймание мешітінен де ауыр басуы мүмкін. Олай 
болса берумен қатар, ықылас та ӛте маңызды.
Беру мәселесінде ықыласпен қатар адамның жақсы кӛретін нәрсесін беруі де 
айрықша маңызды. «Жақсы кӛретін нәрселеріңді жұмсамайынша жақсылықтың шыңына 
жете алмайсыңдар»
78
деген аят осы ақиқатты ашып кӛрсетеді. Осыған қатысты сахаба 
Хаз.Енес Ибн Малик (радиаллаһу анх) былай дейді: 
« Әбу Талха әнсарлардың ең бай адамдарының бірі болатын. Ең жақсы кӛретін мүлкі 
Мешіт Нәбәуидің алдындағы Бейруха деген жер болатын. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм) сол жерге барып, оның таза суынан ішіп тұратын.
«Жақсы кӛретін нәрселеріңді бермейінше жақсылық жасаудың шыңына шыға 
алмайсыңдар» деген аят түскеннен кейін Әбу Талха (радиаллаһу анх) Аллаһ расулына 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) барып: «Аллаһ кітабында «Жақсы кӛретін нәрселеріңді 
бермейінше жақсылық жасаудың шыңына шыға алмайсыңдар» деп бұйырады. Менің ең 
78
Ә
ли 
Ғ
ымран, 3\92 


41 
жақсы кӛретін мүлкім – Бейруха. Олай болса ол қазірден бастап Аллаһ үшін садақа. Сыйы 
мен жақсылығын Аллаһтан күтемін. Қалағаныңша қолдана бер, иа расулуллаһ» дейді. 
Сонда расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) оған: «Қандай тамаша! Бұл сауабы 
кӛп, сыйы ақыретте берілетін мүлік. Міне, осы табыс әкелетін мүлік. Меніңше, сен оны ӛз 
туыстарыңның арасында үлестір» дейді, Әбу Талха оны туысқандарының арасында 
бӛлістіріп береді»
79
.
Иә, бұл жерден байқалғаны мүмін жақсы кӛретін нәрсесін Аллаһ жолында беру 
арқылы Аллаһты қуантатындай жолға кіреді. Осылайша, халық та, Хақ Тағала да оған риза 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет