Келетініңді білген едім...
Бір соғыстың қатты қызған күні еді. Бір әскер ең жақын жолдасының ілгеріде қанға
боялып жерге құлағанын кӛреді. Адам басын кӛтере алмайтындай түрде оқ қарша борап
жатқан еді.
Әскер қолбасшыға жүгіріп барып, «Қолбасшы, жолдасым жараланды, рұқсат етсеңіз
оны алып келейін?» деп сұрайды.
Қолбасшы «Сен жындандың ба?» деп оған қарайды, «Баруға тұра ма? Жолдасыңның
сау жері қалмаған шығар. Тірі болуы да мүмкін емес, ӛлген шығар, ӛз ӛміріңді де қатерге
тігіп, бармай−ақ қой» дейді. Әскер ӛтініп болмаған соң қолбасшы баруына рұқсат береді.
Адалдықтың үлгісі болған әскер сол қарша бораған оқтың астымен жүріп жолдасына
барады. Оны арқалап жүгіре басып қайтып келеді. Екеуі окоптың ішіне келіп құлайды.
Қолбасшы қанға боялған әскерді тексереді, сосын оны арқалап келген жолдасына
қарап «Саған ӛміріңді қатерге тікпе, барғаныңа арзымайды» деп едім ғой, ол ӛліп қалыпты»
дейді.
68
М
ұ
рат Чифткая, Билгелик
ӛ
йкулери, 35-б, Тимаш йайынлары
35
Бұл азаны естіген әскер «Барғаныма арзыды қолбасшым, барғаныма арзыды, тіпті
ӛлсем, ӛлгеніме де арзитын еді» дейді. Қолбасшы сұрайды: «Қалайша арзиды, бұл адам ӛліп
қалған, кӛрмейсің бе?» деген кезде әскер былай деп жауап береді:
«Сонда да арзыды, қолбасшым. Ӛйткені, қасына барған кезімде әлі тірі болатын,
Денесінен қан саулап жатты, бірақ мені кӛргенде қатты қуанды, күлімсіреп, соңғы сӛзінде
«Келетініңді біліп едім, досым!» деді».
Сондықтан да достарымызды әрдайым есімізге алайық. Алғашқы болып
іздестіріп−сұрайтын, алғашқы болып қол созатын, алғашқы болып хабарласатын, алғашқы
болып құшақтайтын сендер болыңдар. Құлға опасы жоқтың Хаққа да опасы болмайтынын
ұмытпаңдар.
Бұ дүниедегі достық ақыретте де жалғасын табады
Атақты тәпсірші Куртуби «Тақуалардан басқа дүниедегі барлық достар ол күні
бір−біріне дұшпан болады» (Зухруф, 43\67) аятының тәпсірінде Салебидің осы аятқа
қатысты мынадай оқиға айтқанын жеткізеді:
Мүмін екі дос және кәпір екі дос болады. Екі мүмін достың бірі қайтыс болып,
жұмаққа барады. Бұл адам дүниедегі досын ойлап, былай дейді: «Ей, Аллаһым! Күмәнсіз,
менің пәлен деген маған Саған және расулыңа мойынсұнуды ұсынып, жақсылыққа
бұйырып, жамандықтан тыятын, менің Саған қауышатынымды айтатын. Ей, Аллаһым! Мен
кеткеннен кейін оны адастыра кӛрме, маған кӛрсеткен нығметіңді оған да кӛрсет. Маған
риза болғаның секілді оған да риза болғайсың» дейді.
Содан екіншісі де қайтыс болып, рухтары кездеседі де оларға «Екеуің де достарың
туралы айтқыларың келгенін айтыңдар» делінеді. Екеуі де бір−біріне риза екенін айтқаннан
кейін Хақ Тағала екеуіне: «Қандай жақсы бауырлар, қандай жақсы жолдастар!» дейді.
Енді екі кәпірдің бірі қайтыс болып, оның орнының тозақ екендігі хабарланған кезде
ол дүниедегі досын есіне алып, «Ей, Аллаһым! Менің досым болған пәленше маған Саған
және расулыңа қарсы болуды ұсынып, жамандық жасап, жақсылықтан қашатын, менің
Сенімен қауышпайтынымды айтатын. Ей, Аллаһым! Менен кейін оны тура жолға салма,
маған кӛрсеткен жазаңның бір бӛлігін оған да кӛрсет» дейді.
Хақ Тағала олар туралы «Не деген жаман бауырлар, не деген жаман жолдастар!»
дейді. Сонда олар бір−бірін қарғай бастайды
69
.
Демек, дүниедегі достық ақыретте те жалғасын табады. Олай болса,
жолдастығымызды «ақыреттік жолдастық» деп атауға болады.
Сахаба Хаз.Енес Бин Малик (радиаллаһу анх) риуаят етеді:
69
Куртуби,
Ә
л Жами ли ахкамил
Құ
ран, 16\109
36
Жұмақтықтар жұмаққа кіріп, ӛздеріне бӛлінген жерлеріне (үйлеріне) отырған кезде
(дүниедегі адал) дін бауырларын сағынып, бір−бірін кӛргілері келеді. Олардың бірінің
орындығы екіншісінің жанына барады.
Олар кездескен соң екеуі де сарайларында отырып дүниедегі болған жағдайлары
туралы сӛйлесе бастайды. Біреуі былай дейді: Ей, бауырым! Есіңде ме, біз дүниеде пәлен
жиында немесе мешітте Аллаһқа дұға еткен едік (Құран оқып едік, сұхбат тыңдаған едік),
міне, Аллаһ та бізді сол жерде кешірді
70
.
Нәтижеде жолдасымызды, досымызды таңдаған кезде ӛте мұқият болуымыз керек.
Ұмытпауымыз керек, таңдаған досымыз тек бұ дүниеміз ғана емес, ақыретімізге де қатысты.
Жолдасын дұрыс таңдамағандардың бұ дүниесі де, ақыреті де құруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |