Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Бүгін ең жақсы жолдасым бетімнен ұрды



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Бүгін ең жақсы жолдасым бетімнен ұрды 
Бір кездері екі дос шӛлде сапар шегеді. Жолда араларында бір дау шығып, біреуі 
екіншісінің бетінен ұрады. Таяқ жеген жолдасы ренжиді, бірақ ештеңе демейді. Тек еңкейіп, 
құмға «Бүгін ең жақын жолдасым бетімнен ұрды» деп жазады. 
Олар ары қарай жүреді. Сулары таусыла бастайды. Бір сулы жерге жетіп, сол жерден 
су ішіп, ыдыстарын толтырып алады. Сосын суға жуынып алмақ болады. Таяқ жеген 
жолдасы судың лайлы жеріне түсіп, бата бастайды. Жолдасы оны дереу шығарып құтқарып 
қалады. Аман қалған жолдасы сол жердегі бір тасқа барып, оған «Бүгін ең жақсы жолдасым 
менің ӛмірімді құтқарды». 
Екіншісі сұрайды: 
«Сені ренжіткен кезімде құмға жазған едің, енді неге тасқа жаздың?» 
Жолдасы оған былай деп жауап береді: 
«Біреу біреуді ренжіткен кезде оны құмға жазуымыз керек. Кешірімділіктің желі оны 
тез ӛшіріп әкетсін. Ал, біреу бізге жақсылық жасаған кезде оны тасқа жазуымыз керек, 
реніштің желі де, ӛшпенділік желі де оны ӛшіре алмасын»
63

Жақсы дос болғысы келген адам қандай мәселелерге назар аударуы керек? 
Адам дос бола білуі керек. Ӛзіңізден сұрап кӛрдіңіз бе? Сіз нағыз жолдас немесе 
доспысыз? Немесе сұрақты ӛзгертіп былай қояйық: Жақсы дос немесе жолдас болғысы 
келген адам қандай нәрселерге назар аударуы керек? Бұларды былай бӛліп қарастырайық: 
1.
Жолдастарыңызды орынсыз жерде орынсыз сынаудан, оларға ренжітетін сӛздер айтудан 
сақтаныңдар. Ӛйткені, орынсыз сын айту жолдасыңыздың сізден сууына жол ашады. 
Атақты мемлекет қайраткері және ойшыл Бенджамин Франклин адамдық 
қатынастардағы жетістігінің сырын былай түсіндіреді: 
«Әрбір қадірсіз адам әрдайым сын айтады. Әрдайым шағым айтады. Үздіксіз біреуді 
айыптайды. Мен ешкімнің кемшілігі, жамандығы туралы айтпадым. Барлық адамның жақсы 
тарапы бар. Мен әрдайым сол жақсы тарапын айттым. Менің жетістігімнің негізгі сыры 
осында». 
63
М
ұ
рат Чифткая, Г
ӛ
ккуша
ғ
ы 
ӛ
йкулери, 27-б, Тимаш йайынлары 


33 
Егер бір жолдасыңыздың болғанын қаласаңыз оларды орынсыз сынап, ренжітетін 
ауыр сӛздер айтпаңдар. 
2.
Жолдастарыңды жақсы іс жасаса қолдаңдар, оларға асыра сілтемей, ӛтірік қоспай ілтипат 
жасаңдар. Барлық адам ӛзін қолдағанды, ілтипат кӛргенді ұнатады. Адам жақсылықтың 
құлы. Яғни, адам ӛзіне кӛңіл бӛліп, қолдаған адамға жақындай түседі, онымен достасқысы 
келеді. Қолдау кӛру сонымен қатар оның ӛзіне деген сенімін арттырып, ол адам одан да 
жақсы болуға тырысады.
3.
Қатулы қабақты болмаңдар, жылы жүзді болыңдар. Ӛйткені, пайғамбарымыз сондай болған, 
біздің де сондай болғанымызды қалады
64
. Жылы жүзді адам айналасына қуаныш сыйлайды, 
адамдарды ӛзіне тартады.
4.
Жомарт болыңдар, ішкізіп, жегізіңдер. Берілген бір кесе шәй мен бәліштің ӛзі қаншама 
достықтың есігін ашады. Сол себептен де пайғамбарымыз секілді сый кӛрсетуге жақын 
болыңдар. Хожаефенди айтқандай «Жолдастарын қадірлеп, оларға сый кӛрсеткен адам 
дұшпандарына қарсы қорғаушы адамдар тапқан болып саналады»
65

5.
Адамдармен сәлемдесіңдер, сәлемдесудің ӛзі адамдар арасындағы достықты нығайтады. Бұл 
мәселеде пайғамбарымыздың «Бір−біріңді жақсы кӛргізетін істі айтайын ба? Ӛз араларыңда 
сәлемдесіңдер»
66
деген сӛзін ұстануымыз керек.
6.
Кешірімшіл болып, кемшіліктерді жасырыңдар. Барлық адам қателік жасайды. Маңыздысы 
қателіктер мен кемшіліктерді кешіре білу. Раббымыз сүйген құлдарының жақсы мінездерін 
кӛрсететін бір сӛзінде былай дейді: «Ол тақуалар, реніштерін жұтады, адамдардың 
кемшіліктерін кешіреді. Аллаһ жақсылық жасағандарды сүйеді»
67
. Юнустың айтуынша 
мүмін адам ұрған адамға қолсыз, балағаттаған адамға тілсіз, ренжіткен адамға кексіз болуға 
міндетті.
Иә, жақсы жолдас сыпайы, қамқор, жылы жүзді, ақкӛңіл, кешірімді, жомарт және 
сенімді болу керек.
Жолдастықтың сипаттарының бірі болған жомарттыққа қатысты екі жолдастың 
арасында ӛткен мына бір оқиғаны айтып ӛтейік: 
Екі ағайынды адам әкелерінен қалған фермада жұмыс істейтін. Олардың бірі 
үйленген және кӛп бала−шағасы бар еді. Ал, екіншісі бойдақ болатын. Күнде кешке екі 
ағайынды ӛнімдері мен табыстарын тең бӛліп алатын. Бір күні бойдақ жігіт ішінен: 
64
Тирмизи, Шемаил−и Шериф, 199-207-б. 
65
М.Фетхуллах Г
ү
лен, 
Ӛ
лчу вея йолдаки ышыклар, 139-б. 
66
М
ү
слим, Иман, 93, 94. 
67
Ә
ли 
Ғ
ымран, 2\134 


34 

Ӛнімімізді және табысымызды тең бӛліп алғанымыз дұрыс емес. Мен жалғызбын, маған 
кӛптің керегі жоқ,− дейді. 
Осылайша, күн сайын түнде үйінен шығып, бір қап бидайды жасырын түрде 
бауырының үйіндегі қоймаға апарып отырады. Осы арада үйленген бауыры да ішінен: 

Ӛніміміз бен табысымызды тең бӛлгеніміз дұрыс емес. Менің әйелім және балаларым бар, 
мен қартайған кезде олар маған қарайды. Ал, бауырымның ешкімі жоқ. Қартайған кезінде 
қарайтын адамы да жоқ, − дейді. 
Осылайша, үйленген бауыры күнде түнде бір қап бидайды жасырын түрде 
бауырының қоймасына апарып отырады. Екі ағайынды да жылдар бойы не болғанын түсіне 
алмай жүреді. Ӛйткені, екеуінің де қоймасындағы бидайдың саны ӛзгермейді.
Сӛйтіп, бір күні түнде екі ағайынды жасырын түрде бір−бірінің қоймасына бидай 
апара жатқан жерінде кездесіп қалады. Сол кезде болған жәйтті түсініп, қаптарын жерге 
қойып, құшақтаса кетеді
68

Міне, ӛзін емес, ӛзгені ойлауды жӛн санайтын кең пейіл рухтың бауырлық және 
жолдастық үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет