Материалдық жәрдемдесу «Берген қол алған қолдан жақсы» 72 Материалдық жәрдемдесу − мүміннің сипаты Материалдық жәрдемдесу − ең әуелі мүміннің бір ерекшелігі. Ӛйткені, жәрдемдесу
оның бір сипатына, қасиетіне айналған. Ол мүмкіндігінше әрқашан да беруді, кӛмектесуді
ізгілік деп санайды. Раббымыз Құран Кәрімде бұлай жасағандар үшін сый ретінде жұмақты
уәде етеді:
«Аллаһ мүміндерден малдары мен жандарын олардың ӛздеріне жұмақты беру
шартымен сатып алған»
73
.
Жасалған барлық нәрсе Аллаһ үшін жасалса да нәтижесінде кӛмектесудің сауабы сол
адамға жазылады. Ӛйткені, толығымен бұлардың қайтарымын Аллаһ кемшіліксіз түрде
береді. Мұны айтқан тағы бір аятта Құран мынадай кепілдік береді:
«Қайыр ретінде жұмсағандарың ӛз жақсылықтарың үшін. Жасайтын қайырлы
істеріңді тек Аллаһтың ризалығын алу үшін жасауларың керек. Қайыр ретінде берген
нәрселерің ӛздеріңе жақсылық болып қайтарылады және ешқашан әділетсіздікке
ұшырамайсыңдар»
74
.
Тағы бір аятта мүміндер кӛмекке және қолдарындағы нәрселердің ең сапалысын, ең
жақсысын беруге шақырылады: «Жақсы кӛрген нәрселеріңнен бермейінше жақсылыққа қол
жеткізе алмайсыңдар»
75
.
Жәрдемдесу сезімі дініміздің негіздерінің арасынан орын алады. Дінде
жәрдемдесудің зекет, пітір, садақа, қарыз беру, мүмін бауырының материалдық−рухани
қиындығын шешу, қарт адамды жетектеп, жолдан ӛткізу, жалақысын жолдасымен бӛлісу
сияқты әр түрлі түрлері бар. Раббымыз құлына кӛмек қолын созуын сол құлдың басқа
құлдарға кӛмектесуі шартымен байланыстырған. Бұл ақиқатты пайғамбарымыз бір
хадистерінде былай кӛрсетеді: «Кімде−кім бір құлының дүниелік қиындығына кӛмектессе
72
М
ү
слим, Зекат 97, (1036); Тирмизи, З
ү
хд 32, (2344)
73
Т
ә
убе, 9\111
74
Ба
қ
ара, 2\272
75
Ә
ли
Ғ
ымран, 3\192
39
Аллаһ та оның о дүниедегі қиындығын шешеді. Кімде−кім басына қиындық туған біреуді
құтқарса Аллаһ та оны дүниелік және ақыреттік қиындықтардан құтқарады. Адам адамға
кӛмектессе Аллаһ та сол құлға кӛмекке жүгіреді»
76
.