Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Материалдық жәрдемдесуді әдетке айналдыру керек



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Материалдық жәрдемдесуді әдетке айналдыру керек 
Ӛмір сүріп отырған материалдық дүниемізде рухани құндылықтардың алдыңғы 
қатарға шығарылуы, осылайша материя мен мағына теңдігінің реттелуі ерекше маңызды. 
Ӛйткені, материя мен мағына бірге және тең болуы болмаған дүниеде әлеуметтік тыныштық 
туралы сӛз қозғау мүмкін емес. Мағынаны тастап, материяның соңынан жүгірген қаншама 
халықтар бар, іздеген материалдық құндылықтарына қол жеткізген, алайда осы 
материалдың дӛңгелегінің арасында езіліп кетуден сақтана алмаған. Ол жерлерде 
толығымен жеке ӛмір сүріп, жәрдемдесу, мұқтажға кӛмектесу сияқты рухани сезімдер 
жойылған.
Алайда, мүмін Аллаһтың мінезін бойына сіңірудің негізі ретінде әрдайым беруші. Ол 
басқалардың тыныштықта ӛмір сүруі үшін қолындағы барын оңай түрде және толығымен 
жұмсайды. Басқаша айтқанда, материалдық және рухани тұрғыдан беру деген нәрсе 
мүміннің бір сипатына айналуы керек. 
Кӛмектесуді әдетке айналдырудың жолы кішкентай кезден бастап баланы беруге 
үйретуден тұрады. Иманды адам балаларын кӛмектесуге баулып тәрбиелеуі керек, ӛзі 
суықтан қалтырап тоңып тұрса да орны келгенде киімін досына бере білуге тәрбиелеуі 
керек, осылайша жәрдемдесу сезімін сезініп ӛсуін қамтамасыз ету керек. 
Бұлардың барлығы тұтастай баланы беруге үйретуге байланысты. Басқаларға 
берілетін барлық сыйлықтарды баланың алдында немесе соның қолымен беру арқылы 
жәрдемдесу сезімінің олардың кӛңілінде бүршік жарғанын қамтамасыз етеміз. Нәтижеде 
Мұхаммедтің үмметінің дерттеріне күйіп−жанатын адамдардың артқанына куә болып, осы 
мақсаттағы әрекеттердің босқа кетпегенін байқаймыз.
Беру мәселесіне кедергі болатын кӛптеген факторлардың бар екенін де ескерсек 
мүмін «ешқашан жағдайым жақсарсын, сол кезде беремін» деп күтіп жүрмеуі керек, сол 
сәттегі қолындағы барын беруге әдетке айналдыруы керек. Мынаны ұмытпауымыз керек
Аллаһ (жәллә жәләлух) оны алдағы уақытта қол жеткізіп, сосын беруді ойлаған нәрсесінен 
емес, сол сәтте қолында бар мүмкіндігінен есепке тартады.
Раббымыз «Жақсылықта және жамандықтан сақтануда бір−біріңе кӛмектесіңдер, 
күнә іс пен дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер»
77
деп бұйырады. Дінімізде зекет беруден 
76
Б
ұ
хари, Мезалим, 3 
77
Маиде, 5\2 


40 
бастап, мүмін бауырына жылы сӛз айтуға дейінгі барлық нәрсенің жақсылық ұғымына 
кіретінін ескерсек дініміздің жәрдемдесу шегінің қаншалықты кең екенін жақсырақ 
ұғынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет