31
Ислам ғалымдарының бірі Имам Шарани «Мен намаз оқымайтын адамдармен бірге
отырған кезімде сезімдерімнің солғын тартқанына куә боламын» дейді. Сол себептен бір
мүмін
араласатын адамдарының, сәждесіз бастардың, тот басқан рухтардың және қираған
кӛңілдердің ӛздерімен қоса нелерді алып кететінін есептеуі керек. Мұны есептесе рух пен
кӛңіл мәселесінде онымен бір жолда болмағандармен байланысу
тек оларды тура жолға
бастайтынына сенеді. Аллаһ пен расулуллаһты түсіндіре білу үшін байланысты
жалғастырудың айыбы жоқ, сонымен қатар тек кӛңіл кӛтеру үшін мұндай адамдармен бірге
болмау керек.
Харам ас жейтін және харам мәселесінде ешқандай шектеуді білмейтін жаман
адамдардың қалдыратын әсері мүміннің рухани ӛмірін ӛлтіруі мүмкін.
Құран Кәрімде
тозаққа кіргендерден олардың тозаққа кіру себептерінің сұралатындығы, ал олардың бұл
сұраққа былай жауап беретіндігі туралы айтылады: «Біз намаз оқитындардан емес едік.
Кедейлерге ас бермейтінбіз, олардың мұқтаждықтарына кӛңіл бӛлмейтінбіз. Қате сӛздермен
адасқандармен бірге біз де адастық. Осы есеп беретін күнді жалған деп санайтынбыз»
60
.
Олар дүниеде
кезде қате достар таңдаған, ол адамдар болса оларды шыңырауға
құлдыратты. Сади мұны «Жаман жолдас қара жыланнан да жаман. Оның ықпалына кірсең
сені тозаққа апарады. Ал, жақсы жолдас сені алып жұмаққа барады» деп түсіндіреді. Сол
себептен жаман адамнан жыланнан қашқандай қашу керек. Құран Кәрімде бұ дүниеде
жаманмен жолдас болған адамның ақыреттегі ӛкінішін былай кӛрсетеді: «Ол күні залым
бармағын тістеп былай дейді: «Әттең! Сол пайғамбармен бір жолды ұстанғанымда ғой.
Әттең, пәленшемен жолдас болғанымда ғой!»
61
Мүмін жақсы
адамдармен жолдас болуы керек, бұл ӛте маңызды. Ӛйткені, адам
әрдайым ӛз бетінше ӛмір сүрмейді. Адам ӛз−ӛзінің қазығы және орталық тірегі бола
алмайды. Адам орталық тірек секілді ӛз болмысының шатырын иығына алған кезде бір−екі
жолдасы да сол шатырдың айналасын ұстайтын қазықтар сияқты болғанын қалауы керек.
Ӛйткені, тек солай болса ғана аяқта тұра алады. Күмбездің тастары бір−бірінің арқасында
құламай тұрады. Осы тұрғыдан пайғамбарымыз «Жалғыз – шайтан. Екі адам да шайтан
(Ӛйткені, бір жамандықта бірігіп кетуі мүмкін). Ал, үш адам − жамағат»
62
дейді.
Пайғамбарымыз бізге осыларды ұсынғандықтан біз оны орындауымыз керек. Бұл
«ортаны ӛздеріңе ұқсату» деген сӛз. Олай болса біздің міндетіміз −
әрдайым жақсы
достармен бірге болу. Олар бір қателікке ұшыраған кезімізде бізді түзетсін, бізге ескерту
жасасын.
60
М
ү
ддесир, 74\40-46
61
Фуркан, 25\27-28
62
Ә
буд Дауыт, Жихад 79; Тирмизи, Жихад 4
32
Жақсы мүмін ӛзінің мүмін бауырына «Кӛздеріңе, құлақтарыңа абай болмайсың» десе
ол мүмін алғашқыда біраз қианлып қалуы мүмкін, алайда бұл маңызды емес. Ӛйткені, ол
мүмін алған осы ескертуі арқылы есин жияды. Бұл − жақсы жолдаспен бірге болудың сыйы.
Достарыңызбен бөлісу: