27
және расулына мойынсұнса, міне, солар Аллаһтың нығметтеріне қол жеткізген нәбилер,
сыддықтар, шәйіттер, салих адамдармен бірге болады. Олар не деген жақсы жолдастар!»
38
Сол себептен де жолдас таңдағанда дұрыс адамдарды таңдауымыз керек. Мұны
бізден Раббымыздың ӛзі сұрайды: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтың бұйрықтарына қарсы
келуден сақтаныңдар және дұрыс адамдармен бірге болыңдар»
39
. Достарымыз қайырлы
адамдар болуы тиіс. Жолдас таңдағанда олардың қайырлы адамдар болуы керектігін
Раббымыз бізге мынадай дұғамен түсіндіреді: «Иа, Раббым! Маған даналық бер және мені
қайырлы құлдардың арасына қос!»
40
Иә, жолдастарымыз жақсы адамдар болуы керек. Шайтан адамды ӛзімен және ӛзі
сияқты шайтан сияқты адамдармен жолдас болуға шақырады. «Малдарын халыққа кӛрсету
үшін жұмсап, Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірмеген адамдарды Аллаһ әрине жақсы
кӛрмейді. Шайтан кімнің жолдасы болса, енді ол жолдастардың ең жаманына айналды деген
сӛз»
41
деген аят осы ақиқатты кӛрсетеді. Ал, басқа бір аятта шайтанның жолдасы болған
адамдардың басқа адамдарды әр түрлі ойындармен алдап, оларды жолдан тайдыратыны
туралы айтылады
42
.
Достарыңызбен бөлісу: