22
мағынаны береді: Менің тарапымнан жаратылып, Менің ризығымды жей тұра басқалардың
алдында иілгеніңіз және сендерді бағып−қағып ӛсірсе де ата−аналарыңды қор санап, оларды
тастағандарың үшін мұның есебін сендерден ұлы кездесу күні сұраймын.
Ал, одан кейінгі аятта ата−анаға бағыну тақырыбында
айрықша бір мәселеге
тоқталып, былай дейді: «Егер олар Маған серік қосуың үшін сені қинаса оларға бағынба!
Бірақ, сонда да олармен жақсы қарым−қатынас жаса, оларды тастама! Маған бет бұрған
кемел адамдардың жолын ұстан! Соңында бәрің Маған қайтасыңдар және істеген істеріңді
сендерге біртіндеп айтып, қайтырымын беремін»
31
.
Ӛздері білмегендіктен сендерді Аллаһқа серік қосуға қинаса бұл мәселеде оларды
тыңдамайсыңдар. Ӛйткені, Аллаһ барлық нәрседен бұрын тұрады. Бірақ, олар мүшрік те
болса оларға бұ дүниеде жақсылық жасауды, кӛңілдерін аулауды және Аллаһ
жолында
жасауыңыз қажетті күресті жалғастырасыңдар».
Хаз.Әбу Бекірдің (радиаллаһу анх) риуаят еткен мына хадисі мәселеге айрықша
ӛлшем береді: Расулуллаһ алейһис селам «Сендерге үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын
ба?» деп, үш рет қайталайды. Біз «Иә» деген соң ол «Аллаһқа
серік қосу, ата−анаға
құрметсіздік, ӛлтіру» деді. Бұл кезде ол сүйеніп тұрған еді, сосын түзеліп тұрып:
«Хабарларың болсын! Жалған сӛз, жалған куәгерлік» деді және мұны кӛп қайталағаны
соншалық біз тоқтаса екен дей бастадық
32
.
Назар аударатын болсақ хадисте ата−анаға бас кӛтеру ең үлкен күнәлардың бірі
болған Аллаһқа серік қосу, адам ӛлтіру, жалған сӛз және жалған куәгерлік жасаумен
теңестіріледі. Сондықтан да бұл жерде ата−ананың ақысы Аллаһ ақысы, адам және қоғам
ақысы бір тақырыпта қолға алынуда.
Пайғамбарымыздың кезінде болған мына бір оқиға да ата−анаға бағынудың
маңыздылығын кӛрсетеді. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) бір адам келіп,
ӛлім
аузында жатқан, бірақ кәлима−и тәухидті айтуға тілі келмей жатқан бір жігіттің бар
екенін айтады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Ол адам намаз оқитын ба
еді?» деп сұрайды. «Иә» деген жауап алған соң дереу орнынан тұрып олармен бірге жігіттің
қасына барады. Жігіттің қасына жақындап оған «Қане, Лә иләһә илләллаһ» де дейді. Жігіт
«Бұған шамам келмейді, айта алмаймын» дегенде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи
уәссәлләм) парасаттылығымен ол жігіт пен анасының
арасында бір реніштің болуы
мүмкіндігін түйсініп, оның анасын шақыртып, араларында ешқандай келеңсіздіктің
болған−болмағаны туралы сұрайды. Сонда әйел жылап баласының ӛзін әрдайым
ренжіткенін, оған қатты ренжулі екенін және мұны кешіре алмағанын айтады.
Сонда
31
Локман, 31\15
32
Б
ұ
хари, Шехадат, 10, Едеб, 6, Истизан, 35, Иститабе, 1; М
ү
слим, Иман,143 ; Тирмизи, Шехадат, 3
23
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) әйелге «Біз қазір мына жерге үлкен от
жақсақ және саған «Мына балаңды кешірсең босатамыз, әйтпесе оны отқа тастаймыз»
десек, сен балаңды кешіресің бе?» дейді.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Әйтпесе оны отқа жағамыз»
деген сӛзі әйелдің ӛз баласына деген ренішін жойып, Аллаһ пен расулын куә етіп кӛрсетіп,
баласына разы екенін айтады.
Содан соң Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) жігітке қарап «Қане, жігіт!
Аллаһтан басқа ешқандай иләһ жоқ екеніне, бір екеніне,
серігі жоқ екеніне, Мұхаммедтің
Оның құлы және расулы екеніне шахадат келтір» дейді. Жігіт пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уәссәлләм) әлі сӛзін бітірместен−ақ ӛзіне айтылған сӛздерді еш қиналмай айтып
шығады. Оның шахадат сӛзін айтқанын естіген және бұған қуанған пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) күлімсіреп былай дейді:
«Мені себепші етіп мына жігітті тозақ отынан құтқарған Аллаһқа мадақ болсын!»
Қорытынды
ретінде айтарымыз, қазіргі кезде тапталып жатқан ата−ана құқығына
дініміздің берген үлкен құрметі мӛлшерінде бағыну және олар тірі кезде Аллаһтың және
расулуллаһтың ризалығын алуға тырысу әрбір баланың міндеті болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: